16:05
Рухани-танымдық сүрлеулер

САУСАҚТАРҒА ҚАРАП, ЖЫЛ МЕЗГІЛІН ТАРАТ

  Бес саусақты ауызекі есептеулерде пайдаланамыз. Кез келген бір нәрселерді санағанда әр саусақты бүгіп те, жұмылғандарды қайта жазып та санау бар. Сондай-ақ төрт саусақты қолдану арқылы да санау. Бармақ пен әр саусақтың буындарын нұқып отырып санау.

Саусақтар арқылы санау, жас жеткіншектерді ауызша есептеуге үйретуде, қазіргі кезде менталды арифметика тәсілімен үйрету жақсы етек алуда. Бұл тәсілдің ерекшелігі: саусақтарды пайдалана отырып, кез келген сандарды барлық төрт амалда қолданып, қорытындысын жылдам есептеп шығуға мүмкіндік беруінде. Есептеу құралдарына сеніп, ауызша есептеуді ойға да алмайтындардың бұл әдісті үйреніп алса, өмірде ұтары көп боларын түйсіктеріне үйгені жөн болар еді.

Төрт саусақтағы барлық буындардың саны он екі. Сондықтан да санаудың бұл түрі жыл қайыру мүшел есебіне, ай ретін санауға, тәуліктегі сағат санын есептеуге ыңғайлы. Әр саусақтағы буын саны үштен. Олай болса, төрт саусақ жылдың төрт мезгіліне сәйкес келеді.

Сұқ саусақ – көктем айлары – наурыз, көкек (сәуір), мамырға тән.

Ортан қол – жаз айлары – маусым, шілде, тамызға тән.

Аты жоқ қол – күз айлары – қыркүйек, қазан, қарашаға тән.

Шынашақ – қыс айлары – желтоқсан, қаңтар, ақпанға тән.

Саусақтардың ұзындықтары да жыл мезгіліндегі күннің ұзақтығын көрсетіп тұрады. Мысалы, сұқ саусақ (балаң үйрек) пен аты жоқ саусақтың (шылдыр шүмек) ұзындықтары орташа. Яғни бұл наурыз бен қыркүйек айларында күн мен түннің ұзақтығының теңелетіндігінің белгісіндей.

Қолымыздағы ең ұзын саусақ ортан қолдың (ортан терек) бірінші буыны маусым айын көрсетеді. Бұл саусақ күннің мейлінше ұзаратын айы (22 маусымға) сәйкес келеді. Ал шынашақтың (кішкене бөьек) бірінші буыны жыл ішіндегі ең қысқа күн (22 желтоқсан) болатын айға сәйкес.  

баспаға әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 153 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: