11:22
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЖАН ДҮНИЕҢНЕН ХАБАР САУСАҚТАРДАН ТАРАР

Алақанға қарап, адам мінезі мен болашағын, тұрмысын, жалпы тағдырын болжайтын хиромантия ілімінде адамның бас бармағы үлкен рөл атқарады. Оның адам мінез-құлқын, ниетін ашып, жорамал жасап, терең болжау үшін көмекке келетіндігіне көз жеткізуге болады. Мысалы:

Ұзын бойлы, бас бармағы жуан, ірі адамдар – ауқымы кең, алымы үлкен, көргенін жібермейтін шалымды, көздеген мақсатына жетпей қоймайтын көшбасшы болып келеді екен.

Бас бармағы кішкентайлар – қарым-қатынаста тартымды, жағымды, сүйкімді келеді. Бірақ қажет кезінде жігерлілік танытқанымен, қабілеттілік қасиет – ерік-жігерінің, мүмкіндік, мұрсатының әлсіздігінен ойына аяғына дейін жете алмай қалып отырады.

Бас бармағы орташалар – өзін-өзі қорғай алатындар.

Бас бармағы тез бүгілетін, оңай қозғалғыш адам – уақыттың көбін жеке дара өткізгенді қалап, шығармашылықпен айналысады. Мұндай адам мәдениетті де жанымен сүйеді. Мұндайлардың жүрегі де, көңілі де өте нәзік келгенмен өте қу, айлакер, арамдығы басым аяр болып келеді.

Ұзын саусақтылар ұқыпты, байсалды, төзімді болады. Бірақ ұзын саусақтылардың кейде өзімшілдікке ұрынатыны да бар.

Орташа сусақтылар – байсалды, ақылды, мінез-құлқы жасанды емес, ұсақ-түйекке мән бермейтіндер.

Өте жуан саусақтылар – іс-әрекеттерін табысты атқарады.

Жіңішке саусақтылар – қиялшыл, арманшыл, бірақ кей кезде жалған сөйлеп кетуге де жол беруі мүмкін.

Өте арық саусақтылар – ғалым не өнертапқыш болуы кәдіксіз.

Үш жағы ұзыншалау әрі дөңгелене біткен саусақтылар – жүрек сызығы айқын көрініп тұрса, жарқын мінезді жандар болып келеді.

Доғалдау шаршы бітімді саусақтылар – салмақтылар.

Сұқ саусағы төртінші саусағынан ұзындау келетіндер – өзіне сенімді, салмақты, қай жерде өзін қалай ұстауды жақсы білетін, өте жігерлі, дегенінен қайтпас бірбет, қайсарлығы да барлар. Ондайлар, жалған сөйлемейді әрі біреудің алдап тұрғанын тез-ақ сезіп қояды.

Сұқ саусағы төртінші саусағынан тым келте болып келетіндер – өз ойын жете жеткізбейтін, адам тағдырына немқұрайлы қарайтын, тым үрейшіл, қорқақ, кез келген адамды орға жығып кете беретін, мінезіндегі келеңсіздіктер салдарынан айналасындағыларға өте жағымсыз адамдар.

Сұқ саусағы ортаңғы саусағына қарай біршама қисайыңқырап тұрған адам, ашушаң, намысшыл болады.

Ортаңғы саусағы аты жоқ саусағына қарай сәл қисайыңқы адам, өнер мен ғылымға бейім, ал тіпті солай қтсаюы анық білініп тұрған адам, байсалдылығы басым, салмақты, тағдырдың салғанына мойымас көнгіш, өзіне сенімділігі басым адам.

Аты жоқ саусағына шынашағы сүйене қисайған адам – зерек, тапқырлығымен көзге түсетін адам.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 166 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: