16:16 Рухани-танымдық сүрлеулер | |||
ӘРКІМГЕ ТӘН МІНЕЗ БАР, ОНЫҢ ДА СЫРЫН ҰҒЫП АЛ Психологтардың тпошылаулары бойынша, адам мінез-құлқының қалыптасу дәрежелеріне қарап, олардың қабілет-қарымын сараптап, бірнеше топтарға бөлуге блотаындығын дәлелдеген. Енді сол топтар жөнінде тоқталар болсақ, олар: Холерик – грекше өт деген мағына береді. Холерик адамдар – физиологиялық негізі күшті, қызуқанды, қиындықтан қорықпайтын ел алдында жүруге талпынатын, ұшқалақтығы да бар, қарым-қатынаста өте тынымсыз, агрессивті, шамшыл болып келеді. Көңіліне ұнамаған нәрсеге эмоциялық қозуының өте шапшаңдығынан, тез реакция білдіріп, сезім күйін анық байқатады. Ашуы да тез, кейде күйгелектікке де салынып, ұрыс-керіске араласып кететіні бар. Алайда, сезімі күшті, әрі тұрақты. Бастаған ісін бар ынта-жігерін сала істеп, тындырымдылықпен атқаруға бар күшін жұмсай біледі. Белсенділігі басым, әрі идеяшыл. Өзіне сенімді, мәнерлі сөйлейді, талантты, күші сарқыла қалса оны жедел қалпына келтіреді. Бұлардың жағымсыз жағы – қатал, ұстамсыз, ызақор. Өз мүмкіндіктерін тым әсерлеп жіберуге де жол беріп қояды. Қыңырлығы да бар. Холерик баладан сезімтал, байқағыш адамдар шығады. Флегматик – грекше шырын, сөл деген мағына береді. Олар эмоциялық қозуы төмен, қызынып желікпейтін, мінезі ауыр, салмақты жандар. Күшін босқа сарп етпей, бастаған ісін аяғына жеткізеді. Бірақ, баяулығы мен селқостығы басым. Байсалды, бастапқы қалпын ұзақ сақтайды. Бос сөзді сүймейді. Көп араласуды қаламайды. Қимыл-қозғалысы баяу, жиналуға біраз уақытын жіберіп алатыны бар. Оралымсыздығынан жаңа жағдайға тез үйлесе қоймайды. Дегенмен, мінезінде ұстамды сабырлылық, байсалдылық, тағатты тұрақты болу ерекше орын алады. Сондықтан да, істі асып-саспай ықтияттықпен тыңғылықты етіп аяқтау қанына сіңген. Жалықпастан тапжылмай ұзақ уақыт жұмыс істеуге, сабырлылықпен әрекет етуге бейім тұрады. Сангвиник – латынша қан, өмірлік күш деген мағына береді. Сангвиниктер – қажырлы, ширақ, пысық, оңтайлы, нерв жүйелері күшті, мінезі байсалды, ақ көңіл, өткір тілділер. Кез келген ортаны жатырқамастан, шүйіркелесіп, тез тіл табыса біледі. Ашық, ақжарқын, қызықты істерге бар ықыласымен кіріседі. Жаңаны тез қабылдайды. Зейінділігінің арқасында көп қырлы жұмыстарды нәтижелі атқара біледі. Әділетті, басқарушылық қабілеті жоғары. Осалдығы. Ұсақ-түйек іске әуес бола тұра, қызығушылығы тез суынады. Меланхолик – грекше қара, өт деген мағыналарды береді. Олар – нерв жүйесі әлсіздеу, аса сезімтал келген тұйық адамдар. Сезімдері тез оянып, тіпті ұсақ-түйектердің бәріне қатты мұңая да, қатты қуана да біледі. Қиын жағдайлардан тұйықтығына салып, шығып кетуге олақтық жасайды. Өзінше оқшау жүргенді ұнатады. Қауіпті жағдайлардан қорқады. Еті үйренген тату ұжымда өзін еркін ұстап, жиі қарым-қатынаста бола алады. Қолға алған ісін, кедергілерді жеңе отырып, табандылығы арқасында нәтижелі орындай алады. Осал жағы: әсер еткен нәрсенің бәріне бірдей өз сезімін білдірмейді. Ішінде ұстайды. Тұйықталып, өз ойына шомып, жұрттан оқшауланып қалатын кезі де болып тұрады. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |