16:46
Рухани-танымдық сүрлеулер

АДАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕ, МҮШЕЛЕРІНЕ ҚАРАП, ЖАН-ДҮНИЕСІН ОҚИЫҚ

Алақанның өңі танытады сені

Алақанға қарап та кімнің кім екенін болжамдап, бағыт-бағдар алу мүмкіндігін қарастыруға болады екен. Мысалы:

Алақан терісі тым қызылдар – жан-жағындағы жағдайларды тез пайымдай отырып, жылдам араласып кететін, айналасындағыларды жақсы көруге ұмтынатындар.\алақан терісі боп-боз болғандар – салқын қанды, өз мүддесін жоғары қоятын, өркөкірек, тәкаппар өзімшілдер.

Терісі сарғыштаулар – тоң мінез, ашушаң, сарыуайымшылдар.

Алақаны ыстық, құрғақ адамдар – еңсесі түсіңкі, ойшылдар.

Қолы қуаттылар – жігері жоғары, ізгі мақсаттылар. Қолдары сүйекті әрі өзі арықтардың ақылы мол болады.

Алақаны жұп-жұмсақтар – қолын селқос ұсынып, өзі жерде қиялы көкте ұшып, өзі жалғыз өмір сүруге бейім келетіндер.

Алақаны тегістер – өте епті, тәтті дәмге әуес, тағам талғағыш. Күре тамыры әрең білінетіндердің мінезі салмақты келеді.

Қолдың аумағы адамның дене бітіміне сәйкестенбей тым үлкен не кіші болса, ондайлар – тұрақсыз, өте жағымсыз қылықтарға бейімді болуы мүмкін.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 162 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: