22:34 Рухани-танымдық сүрлеулер | |||
АДАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕ, МҮШЕЛЕРІНЕ ҚАРАП, ЖАН-ДҮНИЕСІН ОҚИЫҚ Аты әлемге мәшһүр болған ғұламалар Аристотель мен Гиппократ адамның көзге көрініп тұрған сырт пішініне, яғни бет-әлпетіне қарап та, оның жан-дүниесінен хабардар болуға болатындығын дәлелдеп кеткен. Олар және басқа да өнердің бұл түрімен айналысқан ғалымдар, адамның бет-әлпеті, адам бойындағы қалтарыстарды тез әрі өз дәрежесінде дәл ашып бере алатындығын айтады. Олай болса, бет-бейнелерге шолу жасап көрейік.
Қабағыңдағы қасыңнан көрінер сырың жасырған Жіңішке қасты адам – кірпияз, талғампаз, секемшіл, сонымен қоса шыртетпе, шамшыл, сіреспе, қыңыр, кертақыс, қырсық, ашушаң, ызақор, қырыс, шәлкестеу мінезді болады. Қасы түп-түзу орналасқан адам айтқанды қалтқысыз, екі етпей орындайтын, елгезек, пысық, лыпыл қағар тіл алғыш адам. Қиылған қасты адам – қиялға бата бой ұрып, қиялдай отырып, қиял тұңғиығына беріліп кететін, қиялдағыш, ашылып сөйлемейтін бұйығы, тұйық, тұңғиық сезімді, сыр ашпас болып келеді. Екі қасы бір-бірінен алшақ орналасса, ол адамның ырқы төмен, басқалардың ықпалына тез түсіп, айтқанын істеп, ыңғайына көне береді. Қастары түйісіп тұрған адамдардың жүйке жүйесі мелжемді бекем, айтарлықтай мықты болады. Болмысы тағатты, байсалды, өзі сарабдал сабырлы, салмақты болып келеді. Ондайлардың шыдам-төзімдері болаттай берік, нағыз көнбістер.
Шам-шырағың – көзіңнен, құпия-сырың сезіген Көз – адамның айнасы. Оған қарап, көп нәрсені білуге болады. Көзі кішкентайлар – амал тапқыш қу, айлакер, әдісі мол тәсілқой, зұлымдығы да жетерлік, көлгір, мүләйім, арам, аяр болып келеді екен. Тікенекше қадала қарайтындар – қатыгез, қатыгездігімен қоса, мейірсіз, ішмерез жымысқы, ашкөз арам, обыр, пасық, сұғанақ болады. Көзі ойнап бір орнында тұрмайтын адам – тұрақсыз, тиянағы жоқ, орнықты ісі аз, берекетсіз адам екен. Томпақтау біткен, өткір көзділер, қысылып-қымтырылмай қандай ортада да, емін-еркін ұстап, өзін еркінше егемен сезіне алады екен. Шарасынан шыға біткендер, «Көзі үлкен – қорқақ» демекші, бақырақ көзді адамдар, қиялилығымен тұрмай, көкезу, бетімен лағатын көкіме, артық сөйлер мылжың езбе, мыжыма, тантық болып келеді екен. Үңірейген көзді адамдардан іші тар қызғаншақтықты, секем алғыш күдікшілдікті, үерйге бой ұрғыш кіділікті күте бер. Халық аузындағы: «Жыпылық көзді – жасқаншақ», «Ойнақы көз – суайт», «Күлім көзді – жалпақшешей», «Шегір көзді – кекшіл», «Көзі көктің – былшыл сөзі көп» дегендер тегін айтылмаса керек. Көздің түсіне қарап та, адамаға баға бере аласың. Мысалы, қара көзді адамдар өте мықты, алға қойған мақсатына жете алатын, жігерлі болып келеді. Олар өте сезімтал бола тұра, білдірмеуге тырысып, жасыруға тырысады. Қалайда, қатарының алды болуға талпынады. Өте тәуекелшіл, кез келген ортамен оңай тіл табысып кетеді. Қоңыр көздіре адами қасиетті жоғары бағалайды. Кез келген іске жауапкершілікпен қарап, өз пікірін білдіруден тартынбайды. Тез өкпелеп, біреуді де ренжітетіні бар. Бір жақсы жері: кек сақтамайтын қасиетінің арқасында әр орамен тез тіл табысып, араласып кете береді. Жасыл көзді адамдар – төзімі берік, шыдамды, байсалды, көнбіс, сабырлы, сарабдал әрі шындықты сүйетін әділетті жандар. Кез келген адамды өз дегеніне көндіріп, көмек қолын созады. Болашақ жазушы, суретші, мықты кәсіпкер осындайлардан шығады. Көк көзді адамдар – сезімге берілгіш жандар. Бейімділігі жоғары болғандықтан, көзқарасын дәлелдеп, ісін жүзеге асыру, бұларға аса қиындық тудыра қоймайды. Өз мақсат-мұратын қандай жолмен болса да жетуге әзір тұрады. Жанжалға, ұрыс-керіске, шатаққа да жақындығы сезіліп тұрғандықтан, өз пікіріні дәлелдеуде қызылкеңірдектене ерегісіп, салғыласа беруден жалықпайды. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |