19:20
Рухани-танымдық сүрлеулер

АДАМНЫҢ БЕТ-БЕЙНЕ, МҮШЕЛЕРІНЕ ҚАРАП, ЖАН-ДҮНИЕСІН ОҚИЫҚ

Аты әлемге мәшһүр болған ғұламалар Аристотель мен Гиппократ адамның көзге көрініп тұрған сырт пішініне, яғни бет-әлпетіне қарап та, оның жан-дүниесінен хабардар болуға болатындығын дәлелдеп кеткен. Олар және басқа да өнердің бұл түрімен айналысқан ғалымдар, адамның бет-әлпеті, адам бойындағы қалтарыстарды тез әрі өз дәрежесінде дәл ашып бере алатындығын айтады. Олай болса, бет-ьейнелерге шолу жасап көрейік.

 

Ендеше бастан бастайық

Адам басының самайдан жоғары жағы қушиып, шықшытқа қарай жайылып тұрса, ол тамақсаулық пен сараңдықтың белгісі деп білген. Ал бас ұсқыны бұған керісінше біткен адамдар қиялшыл болып келеді екен.

Сопақ бас пен шошақ бастылар – білімге, ғылымға бейім.

Басы үлкен адамдар – ақылдылар тобынан көрінетін болса, тым үлкен бастар – жалқауларға тән. Басы үлкен – маубас, ылғи тұйықталып бей-жай күйде жүретін болбыр, мәнжубастау, көп ұйықтайтын адам.

Бас терісі қалың адам – ұйқышыл деген халық сөзі тегін емес. Шақша бастылар – есерлеу, дөкір келеді екен.

Тым кішкентай бастылар – тартыншақтарға тән екен.

Маңдайы кере қарыс, беті сопақша, иегі кішкентай болып келген адамдар – қатыгездік пен зұлымдықтан ада еместер екен.

Тар маңдайлы адамдар – қазымырлығымен бірге қынырлығын да қолдануды жақсы көретіндер екен.

Әсем жазық, кең маңдайлы адамдарға – ақылдылық пен терең ойлылық, мол парасат пен зерделі зейін, сана-сезімі жоғары болу тән.

Кең маңдайлы – сабыр иесі деген сөз бар.

Маңдайы батыңқы болып біткен адамдардың ақылы аздау, қызғаншақтығы басым болады екен.

Маңдайы өте тар, қусырыла біткен адамдар – төмен зейінді бола тұра, өмірге икемді, өзіне-өзі сенімді, пысық болып келеді екен.

Маңдайы ұзыннан-ұзақ бес-алты сызық әжім түскен адамдар – іскер, қабілетті әрі ақылдылар тобына жатады.

Маңдайға ұзынынан түскен бес-алты әжімдердің үстінен кесе-көлденеңінен әжімдер түссе, ол қиыншылықтарды көп көргенінің белгісі.

Шықшыты шығыңқы, беті сопақ адамдар – өркөкіректер.

Беті жалпақ, іркілдеген болбыр етті болып келгендер – құйындай құбылмалы, тез өзгергіш, тиянақсыз, тұрлаусыз, айнығыш болады.

Дөңгелек жүзді, сопақша беттілер – адал ниетті, иманды, кішіпейіл, қайырымы зор, рақымы мол, мейірбан, ашық мінезділігімен қатар, сабыр сақтар байыпты, салмақты, байсалдылығымен танылады.

Атжақтылар – зиялылығы басым, мәдениетті, білімді, қажырлы, мығым, жігерлі, ізетті, әдепті, ақыл-ойлы, ел басқаруға қабілеттілер.

Бет-пішіні үш бұрышты болып келгендер – залым, зәндем, мүдәйі, қулыққа, зымияндық пен айлакерлікке бейім, нағыз аяр мыстандар.

Бет-пішіні төрт бұрышты болып келген адамдар әдетте өте шабан ойлайтынына қарамай өзінше бірбеткей болады.

Бет-пішіні төрт бұрышты болып келген әйелдер – өзін, әрқашанда ер орнына балап, ер атқаратын тірлікті де өзі атқарып жүре беретіндер тобына жатады.

Томпақ бетті адамдар – әзіл-қалжыңға бейім, қалжақ, тәлкекшіл қалжыңбас, ақжарқын жандар.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 169 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: