19:14 Рухани-танымдық сүрлеулер | |||
АДАМ ӨМІРІНІҢ ӘР КЕЗЕҢІНІҢ АТАУЫ БАР Адам өмірін орташа 100 шамалап, БІР ДӘУІР деп атаған. Бір дәуір – 100 жылды төртке бөліп, әр 25 жасты бабалар: ДӘУРЕН, ЕЛ АҒАСЫ, АТАЛЫҚ, ТАУШЫМДЫҚ – деп атаған. ДӘУРЕН жасты сараласақ: шақалақ, нәресте – 1 жасқа дейін, 1 мен 2 арасы, қыз бала – бөпе, ұл бала – бөбек; 2 мен 3 жас арасы – бүлдіршін; 3 пен 5 жас арасы – балдырған; 6 мен 7 жас арасы – сәби; 8 бен 12 жас арасы – ойын баласы, бұлар қыршын жасқа жатады. 13 пен 15 жасқа дейін ересек бала, яғни жеткіншек. 16 мен 19 жас арасы – бозбала, яғни қолқанат шақ. Ал 20 мен 25 жас – ересек, естияр шақ – жас жігіт. ЕЛ АҒАСЫ: 25-30 арасы – бозбалалық шақ, бұл да жас жігіттер; 30-40 жас арасы – др жігіт, яғни жігіттік шақ; 40-50 жас – ер түлегі. 50 мен 60 жас аралығы – жігіт ағасы; 70-80 жаста – АҚСАҚАЛ. 80 жастан асқан соң – қарт, қария деген жалпы атаумен аталады. Жас айырмашылықтарының жеке атаулары былай: ҚҰДАЙ БЕРГЕН ЖАС – уайымсыз, қайғысыз, мұқтаждықтан еш хабарсыз, дүниені сезінбей, күндерін күлкі мен ойын-сауықпен, той-думан, тамаша сайранмен өткізер, 30 жасқа дейінгі мезгіл. ЕСЕК ЖАС – құдай берген бала-шағаны асырау және ата-анаға сүйеніш болу үшін, қандай да қиын жұмыстан қаймықпай, мехнат шеге отырып, еңбек ететін – 30-дан 50-ге дейінгі жастың арасы. ИТ ЖАС – ердің жасы – 50-ге келген соң, үй тірлігіне баса көңіл аударып, үй ішіндегі майда-шүйдеге дейін көзден таса қылмай, қалт жібермей бақылап, кейбір істелген істерге көңілі толмай, көргіш, айқайшы болып кетер – 70 жасқа дейінгі аралық. МАЙМЫЛ ЖАС – 70 жастан асқанда аз-аздап ақылы кеміп, 80 жастан асқанда бала болуға бет алып, арырақ ұзаңқырай бере, белі бүкірейіп, денесі иіліп, бала біткенге ермек, ойынға, сайқымазаққа айналар кәрілік жастары. Ал өткен заманда Шілменбет би адам өмірінің барлық кезеңіндегі әрбір он жасты бөлектеп, былайша саралаған: Жиырма жас – бала шақ, істеген ісі шала шақ, Жиырма бестен асқан соң жігіт шақ келеді. Қартайғанда «қайран жиырма бес, екі айналып келер ме едің?» деп өкінер жас. Отыз жас – әр шақ. Қырық жас – ер шақ. Елу жас – бел шақ. Адпыс жас - дер шақ. Жетпіс жас – мәрт шақ. Сексен жас – серт шақ. Тоқсан жас – жер шақ. Жүз жас – көр шақ. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |