20:41
Рухани-танымдық сүрлеулер

МҮШЕЛДІҢ НЕ ЕКЕНІН БІЛСЕҢ, ЖЫЛ ҚАЙЫРУДЫ ДА ҮЙРЕНЕСІҢ

Мүшел есебін санаған кезде, жылдар ретін шатастырып алму үшін, жылдар тетелестігін ойға түсіруге ыңғайлы болу үшін мына шумақтарды ұсынып отырмыз:

Түйелер сортаңды бағалаған.

Қауіптенер ұйысқан жағалаудан.

Жұғымтал қышқылтым мойылдай,

Тікенді изендерге дағдыланған.

Мұнда келтірілген шумақтағы әрбір он екі сөздің бірінші дыбысы, жыл атының ретіне сай, жылдың бірінші дыбысын беріп тұрғанын аңғаруға болады. Мысалы, Түйелер сөзіндегі т-ны – тышқан десек, сортаңды, с – сиырға, бағалаған сөзінің бас әрібі б-ны барысқа, қауіптенер сөзіндегі бас әріп – қ, қ-дан басталатын қоян жылына, ұмыт сөзіндегі басқы әріп ұ, ұлу жылына, келесі сөз жағалаудан-ның басқы әрпі ж-ны, жылан жылына тән етіп, басқа сөздердің де бас әріптерін әрі қарай да осылай балай берсек жылдан жаңылмаймыз...

Түйенің сорайғанмен бойы,

Қалыпты ұмыт жылдардан.

Жайқуатта қоқайған мойынын,

Тышқан иемдене диланған.

Осы шумақтардың бірін жаттап алған адам, жылдар ретін шатастырмасы кәміл.

Немесе, қазақ халқының біртуар қаһарман ұлы Бауыржан момышұлының қалдырған жыл сипаттамасы да, ерекше ойлы тұжырым. Онда келтірілген әр сөздің басқы дыбысы, жыл басының бірінші дыбысын берумен қатар, әр жылдың шынайы сипатын беріп тұрғанына көз жеткізер едік. Ол кісі: «Тышқан жылын – тыныштық, Сиыр жылын – сыйлық, Барыс жылын – бірлік, Қоян жылын – қамбалы, Ұлу жылын – үлгілі, Жылан жылын – жайлы, Жылқы жылын – жұтсыз, Қой жылын – құтты, Мешін жылын – мерейлі, Тауық жылын – табысты, Ит жылын – игілік, Доңыз жылын – дүниелі», - деп, жылдарға реті бойынша өте қисынды сипаттама берген.

Мұнда да сөздің бірінші дыбысы, сол жыл қайырудағы әрбір он екі жыл атының бірінші дыбысынан басталғанын көреміз.

Жыл қайыру жөнінде тоқталып отырғандықтан, жоғарыдағы шумақта келтірілген, жылдан құр қалған қасиетті түйе малының бойында, өзі кірмей қалған он екі жылға кірген хайуандардың нұсқасы барын да білген артық болмас.

Ол туралы: «Қарағым, сен білмесең мен айтайын, түйеде он екі жылдың нұсқасы бар» деген қазақтың қара өлеңі де бар.

Елестетіп көрер болсақ, шындығында да, түр-тұлға, сырт пішінінде түйенің құлағы – тышқандікіндей, бақайы мен тұяғы –сиырдікіндей, кеудесі мен тірсегі – барыстікіндей, еріні – қояндікіндей, мойыны мен қабағы – жыландікіндей, шудасы – жылқының жалындай, жоны мен тісі – қойдікіндей, бөксесі мен жүні – мешіндікіндей, төбесі – тауықтікіндей, шөккені – ұлудай, сандары мен табаны – иттікіндей, құйрығы – доңыздікіндей болып тұрған жоқ па? Қандай таңдай қағарға тұрарлық сәйкес үйлестік десеңші!

Жыл атауларының кейбіріне байланысты, есте боларлық мына бір жайды да айта кетуді жөн санаймыз:

Мешін жылын қазір біздер маймыл деп түсінеміз. Оны бұрынғылар «Мешін – ол кісі киік» дегенді айтқан. Яғни қазіргіше – «Қар адамы». Сол сияқты доңыз жылын арамға баламастан, «қара киік» деп те атаған. Осылай атар болсақ, жастардың көңіліне адалдық сәулесі төгілер ме еді деген ниет еді біздің тоқталып отырғанымыз.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының 2№ ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 201 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: