08:28 Рухани-танымдық сүрлеулер | |||
СФИНКС МҮСІНІ Арыстан денесі мен Ра құдайының басы бейнесінде сомдалған мүсін – Сфинкс, бұдан 12 мың жыл бұрын жасалған, әлемдегі ең танымал алып монументті туынды. Сфинксті перғауындардың ақыреттік өмірдегі тыныштықтарын күзету үшін жасалған деген аңыз бар.
МЫСЫР ПИРАМИДАЛАРЫ Ежелгі Мысыр перғауындарының сағанасы саналатын Мысыр пирамидалары осыдан 5 мың жыл бұрын салынған – елдің ең көрнекті орындарының бірі. Пирамидаларды тонналаған 2 млн тас кесектерден, техника күшін қолданбай салғанына қайран қалмау мүмкін емес. Хеопс пирамидаларының ең биігі бастапқыда – 146 м болса, қазір 137 м. ауданы 5 га жерді алып жатыр. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады.
БАМБУК ТЕ ГҮЛ АШАДЫ ЕКЕН... Бамбук тәулігіне бір метрге дейін өте тез өседі. 5-8 жыл ішінде пісіп жетіледі. Бамбуктің гүлдеуі өте таңқаларлық құбылыс көрінеді. Ол 60-130 жылда бір рет гүлдейді екен де, жаппай гүлденгеннен кейін ұрық шашып, ары қарай өмірін тоқтатып, осылай орман жойыла береді екен. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |