12:43
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТАМЫРДАН ТҰРҒЫЗЫЛҒАН КӨПІР ҚАЙДА БАР?

Ондай көпір Үндістанның Мегхалия штатында бар. Ондағылар көпір салмастан, қолдан өсіреді екен. Ол үшін сағызды фикус ағашын егіп, кейін сол ағаштың жан-жаққа тараған тамырларынан көпір өреді. Тамырдан тұрғызылған көпірлер 50 адамды көтере алады. Мұндай өрілген көпірлердің кейбірінің ұзындығы 3 км-ге дейін жетеді екен.

 

ЕҢ ҰЗЫН, ЕҢ БИІК ШЫНЫ КӨПІР ҚАЙДА?

Ұзындығы 430 метр, неі – 6 метр, жерден 300 метр биіктіктегі Қытайдың Хунань аймағында орналасқан шыны көпір, Чжанцзяцзе ұлттық саябағындағы екі тау арасын байланыстырады. Бұл берік шыны көпір бір уақытта 800 адамды көтере алады екен.

 

АСПАН КӨПІРІ ҚАЙДА?

Ондай көпір Малайзияның Гангун Мат Чинчанг тауының шыңына орналасқан. Бұл Лангваки Аспан көпірі теңіз деңгейінен 700 метр биіктікте. Көпір ұзындығы 125 метр. Бір таңқаларлығы: бұл көпірді бір ғана бағана мен жартасқа бекітілген сым арқандар ұстап тұр. Иіліп жасалғандықтан көпір ауада қалқып тұрғандай көрініс береді.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 200 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: