01:14
Рухани-танымдық сүрлеулер

БАНАННЫҢ ОТАНЫ

Бананның отаны – Малай архипелагы. Малай тұрғындары Тынық мұхит арқылы сапар шеккеннен жер-жерге таралған. Оны мәдени өсімдікке айналдырған – үнділер. Банан ағаш емес, ол сабағы жуан шөптесін өсімдік. Оның сабағының ұзындығы 10 метрге, диаметрі 40 сантиметрге дейін жетеді. Бір сабақта 50 кг-ға жетер 300 данаға дейін жеміс байланады.

 

ЕРЕКШЕ ӨЗЕН ЖАЙЛЫ НЕ БІЛЕСІҢ?

Канададағы Клилук өзені су бетіндегі түрлі-түсті теңбілдері арқылы ерекшеленеді. Олай болу себебі – су құрамындағы күміс, магний, калий, натрий, басқа да минералдардың сульфаттарының көп кездесуінен.

Жазғы ыстықта судың булануынан тұзлар кристалданып, түрлі-түсті аралшалар пайда болады екен. Содан да, ол өзенді канадалық үндістер қасиетті өзен санайтын көрінеді.

 

КӨШПЕЛІ АРАЛ ҚАЙДА БАР?

Ол – Канада жеріндегі Сейбл аралы. Бұл арал атлант мұхитының солтүстігінде Гольфстрим ағысы мен суық Лабрадор ағыстары тоғысар аймақта орналасқан. Ағыстар әсерінен созылып жатқан арал жылына 200 метрге орнынан жылжып, орыс ауыстырып тұрады. Аралдың жері аса биік емес, бірақ тегіс. Бұл тұманды арал. Мұхит суының түсіне сәйкес аралдың құмы да өзгеріп тұрады екен.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 205 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: