17:04 Рухани-танымдық сүрлеулер | |||
ЖАНАП ӨТУДІҢ ӨЗІ ҚАУІПТІ ҚАЙ ӨСІМДІК? Онгаонга деген өсімдікпен жай ғана жанасып кеткен адам арада минут өтпестен-ақ, сал болып қалатын көрінеді.
БІЛІП ЖҮР: ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ОТАНЫ ГОЛЛАНДИЯ ЕМЕС, ТҮРКИЯ XVI ғасырда Голландияға қызғалдақ Стамбулдан апарылған екен.исоданмбастап голландиялықтар арасында қызғалдақ өсіру сәнге айналып, етене енген. Олар оны Еуропаға кеңінен таратқан. Лале – қызғалдақтың түрікше атауы. Елдің ұлттық символдарында қызғалдақ бейнесі бар.
АЗИЯ мен ЕУРОПАНЫ ЖАЛҒАП ТҰРҒАН КӨПІР Ол көпірдің жалпы ұзындығы 1560 метрге созылып жатыр. Екі құрлықты жалғап тұрған Босфор көпірі аттас бұғазда салынып, 1973 жылы Түркия Республикасының 50 жылдық мерейтойында ашылған. Тіреуіштерінің жалпы биіктігі – 165 метр. Қазір ел символының бірі. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |