12:15 Рухани-танымдық сүрлеулер | |||
ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ... Биік ғимарат Ол Біріккен Араб Әмірлігінің – Дубайдағы 163 қабатты, биіктігі 828 метрлік Бурдж-Халифа ғимараты. Онан соң Меккедегі биіктігі 601 метр, 120 қабатты Абрадж аль-Бейт ғимараты. Чикаго қаласындағы 110 қабаттық Уиллис-Тауэр ғимараты, биіктігі – 527,3 метр. Тайбэй қаласындағы 101 қабатты ғимарат, биіктігі – 509,2 метр. Ал Шанхайдағы 101 қабатты әлемдік қаржы орталығының биіктігі – 492 метр. Бұрындары биік саналған Нью-Йорктегі кқпқабатты үйлерінің биіктігі – 381 метр еді. 1951 жылы үстіне телемұнара орнатқан соң, биіктігі – 442 метрге жетті. Бұл үй 102 қабат. Көтерілу үшін 1860 баспалдақ басуға тура келеді. Терезе саны – 6500. Телемұнарадан 2007 жылға дейін 553,33 метрлік Канададағы Си-Эн-Тауэр мұнарасы биік саналса, қазір ол Дубай мұнарасына жол берген.
Биік таулы арқанды саябақ Арқанды саябақ – ағаштардың арасын арқанмен біріктіріп салынған жолдармен серуендеуге арналған саябақ. Мұндай саябақтарды «Тайпарк» деп те атайды. Жолдар жерден екі метрден жоғары биіктікке орналастырылады. Арқанды жолдармен жүрудің әсері ерекше. Мұнда серуендеген әрбір тынығушы өзін альпинист, жартасқа өрмелеуші сезініп, ептілігін шындай алады. Арқанды саябақпен жүру физикалық дайындықпен қоса, ойды, мінез-құлықты қалыптастыруға көмектеседі. Арқан жолдарда жүріп, қорқынышты жеңуге, кездесер қиындықтармен күресуге, өзгеге қиын жағдайда қол созып, көмектесуді үйренуге болады. Ең биік арқанды саябақ – «Шымбұлақ» тау-шаңғылық курорт маңында. Биіктігі – теңіз деңгейінен 2200 метрден де жоғары. Олар ашық қыраттарға түгелдей ағаш бөренелермен тұрғызылған. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |