16:49
Рухани-танымдық сүрлеулер

ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ...

Биік сағат

Сағат мұнарасы теңіз деңгейінен 400 метр биіктікте орналасқан жалпы биіктігі 601 метр болатын Мукаррамма сағаты Меккеде.

Сағат тілі – 18, минут тілі – 22 метр ұзындықты құрайды. Тілінің салмағы 36 тонна. Күн ашықта және түнде де 30 шақырым жерден көрінеді.  Сағат әтүрлі шынылармен және небір асыл тастармен әшекейленген. Мұнараның төрт жағында осындай төрт сағат бар.

 

Нан ағашы мен биік ағаш

Нан ағашының отаны – Жаңа Гвинея мен Океания аралдары. Қазір ол көптеген тропикалық елдерде өсіріледі. Бұл ағаштың маранг, үнді нан ағашы, чемпедак деген түрлері бар. Нан ағашының жемісін шикідей және пісіріп те жейді. Қамыр илеп құймақ та пісіреді. Кептірілсе ұзақ сақталады. Жемістер ағаштың діңінен өсіп, бір нан 12 келі салмақ тартады. Бір ағаш 72-76 жыл бойы, жылына 700-800 нан жемісін береді.

Ағаш сусыздыққа шыдап, 40 градус ыстық пен суыққа да төзеді.

Ал Калифорнияның Гумбольдтс орманындағы секвойя биіктігі 110 метрден асады. Осындай севайядендрон деген қылқан жапырақты ағаш та, сол Калифорнияда үш-төрт мың жылдан бері өсіп тұр.

Австралиядағы эвкалипт ағашы калифорния секвойясынан шамамен 15 метрдей қысқа. Ал дугласов самырсын, май қарағайы (пихта) 20 метрдей қысқа.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 205 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: