11:41 Рухани-танымдық сүрлеулер | |||
ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ... Терең ойдым шұңқыр Құрғақ құрлық секілді теңіз түбі де әртүрлі болып келеді. Теңіз беті тегіс көрінгенімен, олардың түбі тегіс емес. Теңіздердің астында кәдімгі таулар да, жазық та, шұңқыр да бар. Дүние жүзі теңіздеріндегі ең терең ойық-шұңқыр Тынық мұхиттың Филлипин теңізімен шектескен Мариан аралдарының маңында. Оның тереңдігі, ең биік санлып келген 8848 метрлік шың – Эверестен де биік, 11022 метр екен. Тағы бір таңғаларлығы, теңіздерде кездесетін әртүрлі шұңқырлар, мұхиттардың басты бөлігінде емес, материктерге жақын жерлерге орналасқан.
Үлкен әрі терең үңгір Үңгірлердің түрі көп. Қанша түрлі құрлық болса, үңгірлер де әртүрлі. Әсіресе тау жынысты жерлердің үңгірі, жер сілкінісіне төтеп бере алмағандары болмаса, мәңгілік сақталады деуге келеді. Сондай-ақ мұхит-теңіздерде мұз үңгірлері де болады. Бірақ олар еріп, қосылып, көбінде мұз болып та қала береді. Дүние жүзіндегі ең ұзын үңгір – Флинт-Мамонтова – Америка Құрама Штаттарындағы Кентукки штатында. Оның ұзындығы – 345 км. Ал ең терең үңгір – Жан-Бернар – Францияда. Оның тереңдігі бір мың бес жүз метрге жуық. Табиғи құбылыстарға байланысты тау жыныстары жарылып, бірнеше метрге созылған жаңа үңгірлердің пайда болып жатқанына таңғалуға болмайды. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |