15:44
Рухани-танымдық сүрлеулер

ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ...

Үлкен сөнген жанартау қайда?

Ол – Угандадағы Элгон тауы. Уганда мен Кенияның шекарасында орналасқан тау, ғаламшардағы ең үлкен және ежелгі сөнген жанартау. Оның кратерінің диаметрі 15 км-ге жетеді. Мұндағы қайталанбас сұлу табиғатқа тәнті боласың. Сұлу сарқырамалар, үлкенді-кішілі тау үңгірлері, нешебір суретті елестетер көрікті тау шатқалдары, бұраңдай аққан ыстық бұлақтар, табиғатқа тән барлық қызығарлықтың бәрі осы жерде кездеседі. Тау бөктерінен өзендер бастау алады.

Жанартаудың атауы ертеде осы өңірді мекендеген Элгон тайпасының құрметіне қойылыпты. Сол тайпа адамдарының тұрғын үйлері мен олардың таудағы тастарға салған суреттерінің, бүгінгі күнге дейін өте жақсы сақталып қалғандығына, барған адам куәсі бола алады.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

Просмотров: 215 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: