06:05
Рухани-танымдық сүрлеулер

ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ...

Биік тау қайсы? Ол қайда?

Жер бетінің үштен бірін тау жыныстары алып жатыр. Гималай тауында биіктігі 8 шақырымнан асатын 11 шың бар екен. Ал, солардың ішінде жер үстіндегі ең биік тау, 8848 метрлік, Непал мен Қытай шекарасында орналасқан – Эверест шыңы. Бұл шың тибет тілінде «Джомолунгма», непалша «Сагармахта», яғни, «аспанды тіреп тұрған маңдай» деген атау алған.

Екінші биіктегі тау – Кашмирдегі К2 немесе Кодвин Аустен аталған шың.

Теңіз астынан да басталатын таулар бар.

Теңіз деңгейімен есептесек, Гавай аралдарындағы Мауна Кеа тауының биіктігі – 4205 метр екен де, теңіз астында – 4877 метрі жасырынып жатқан бөлігін қосқанда, дүниедегі ең биік тау деп атауға боларлық – барлық биіктігі 9 мың мертден жоғары екендігіне көз жеткізуге болады.

Солтүстік Америкада биіктігі 6194 метр болатын – Маккинли, Европада 5633 метрлік – Эльбрус бар.

Африкадағы Килиманджаро тауының биіктігі – 5963 метр.

Оңтүстік Америкадағы Аргентина мен Чилиге таяу орналасқан Аконкагуа тауының биктігі – 6969 метрді құрайды. Биіктігі жөнінен сонан кейінгі орынды 2226 метр биіктігі бар Австралиядағы Косиуско тауы алады.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 343 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: