00:16 Рухани-танымдық сүрлеулер | |||
ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ... Терең әрі үлкен мұхит Дүние жүзіндегі өзімізге таныс мұхиттардың ішіндегі ең тереңі, әрі үлкені ол – Тынық мұхиты. Оның орташа тереңдігі 4281 метр. Одан кейін – Үнді мұхиты – 3963 метр, Атлант мұхиты – 3926 метр. Тынық мұхитының ең терең жері – 11022 метр шамасында. Тереңдігі мен көлемінен екінші орында – Атлант мұхиты. Оның Гуам аралдарына жақын аумағының тереңдігі – 9219 метр. Одан кейінгілері: Үнді мұхиты және соңғысы – Солтүстік мұзды мұхиты. Ал Балтық теңізінің орташа тереңдігі бар-жоғы – 55 метр. Бұл төрт мұхитта жер жүзі су қорының оннан тоғыз бөлігі сақталған. Шеттері мұхитпен шектесіп бөлінбей жататын да теңіздер бар. Мысалы, Европадағы Жерорта теңізі мен Қара теңіз. Олар Атлант мұхитынан Гибралтар бұғазы арқылы бөлініп жатыр. Ал Балтық теңізі Атлант мұхитынан Скагеррак пен Каттегат бұғаздарымен өлініп жатыр. Кейбір Сары теңіз, Ақ және Охот сияқты теңіздерді құрлық қоршап жатқан үлкен шығанаққа жатады. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |