14:47
Рухани-танымдық сүрлеулер

ДҮНИЕДЕГІ ЕҢ...

Терең көл

Дүние жүзіндегі 3 миллион көлдің ішіндегі ең айбынды әрі айдындысы – Азияның тап ортасына таман орналасқан Ресейдегі сібірлік көл Байкал. Бұл көл – жер шарындағы көлдердің ішіндегі інжу-маржаны. Көне көл. Өсімдік пен жануарлар әлемі өте бай, климаты да ерекше. Суы тұщы. Дүние жзүзіндегі тұщы судың 80 пайызы осы көлде. 40 метр тереңдікке дейін мөлдірдей таза.

Көлдің бар көлеміне Бельгия, Голландия, Швейцария сияқты мемлекеттер сыйып кетерлік, ұзындығы – 636 км. Ең терең жері – 1637 метр. Көлдің бүкіл арнасына Балтық теңізінің бар суы және жүзге таяу Азов теңізі сияқтылар сыйып кетерлік өте үлкен!

Байкал көлінің қазан шұңқыры 30 миллион жылдан бері жер сілкіністер салдарынан жылда қалыптасу үстінде. Бұл аймақта жылына екі мыңға жуық жер сілкінісі тіркеледі. 1959 жылы болған жер сілкінісінен кейін көлдің орта бөлігі 15 метрге тереңдеген.

Көлде 1400-ге жуық жануарлар мекендеп, 850-ден аса түрлі өсімдік өседі. Олардың ішінде жер шары бойынша, басқа жерлерде жоқ, 848 түрлі жануарлар мен 133 түрлі өсімдіктер тек осы Байкалда ғана кездеседі. Солардың қатарында байкал омулі мен итбалық тұқымдас – нерпа, ұрпағын тірідей өмірге әкелетін, майы дәруменге бай, медицинада қолданатын голомянка сияқтылар бар.

Эпишур шаянының молдығы сонша – әрбір шаршы метр су бетіне 30 миллионға дейін келеді. Көл суының 40 метр тереңдікке дейінгі мөлдірлігі, осы шаяндардың арқасында екен. Мұндай мөлдірлік – Каспий теңізінде 25 метр, Севан көлінде – 20 метр. Байкал көлі мөлдірлігі жөнінен Адьпі көлдерінен де жоғары.

Байкал өте шуақты көл. Күн сәулесі онда Қара теңіз жағалауындағы куротты жерлерден де көп түседі. Қыс кезі басқа жерлерге қарағанда 5-7 градусқа жылы да, жазда салқын.

Байкал суының таңқаларлық ғажап дәмі мен тазалығы, әлсіздеу минералдығы оны нағыз табиғи қазына ретінде танытты. Осы ерекшеліктерін ескеріп, бұл көлді табиғат мұражайы деп атайды.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 225 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: