10:06 Рухани-танымдық сүрлеулер | |||
ЖҰЛДЫЗ ДЕГЕН НЕ? Жұлдыз – өзінен жарық шығаратын, табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелері. Күн Жерге жақын болғандықтан ғана үлкен болып көрінеді. Күн де қатардағы Жұлдыз болып саналады. Күн сияқты жұлдыздар құрамы шамамен 70 пайыз сутегі және гелий, мырыш сияқты химиялық элементтерден тұрады. Жұлдыздар Жерден өте қашықта орналасқан. Жұлдыздар аспан әлемінен кетпей, жарқырап тұра береді. Айсыз түнде жай көзге бес мыңға жуық қана жұлдыз көрінсе, құралдармен 100 миллирдтайын көре аласың. Қазір Жетіқарақшы, Қоян, Бикеш, Андромеда, Персей, Бүркіт, Арыстан сияқты өзара орналасуы өзгермейтін 88 шоқжұлдыз бар. Кейбір жұлдыздар көлемі жағынан күннен мың есе үлкен. Жұлдыздар бірнеше топқа бөлінеді. Көгілдір жұлдыздар – ең ыстық әрі ашық келеді. Олардың температурасы 400 мың градусқа дейін жетеді. Сары жұлдыз – күн температурасы 6 мың градустай. Ол Жерден 150 млн км қашықтықта, 1 миллион 300 мың есе үлкен. Оның жарығы секундына 300 мың км жылдамдықпен жетеді. Ең салқындары – қызыл жұлдыздар. Бұлардың түсі көгілдір, күңгірттеу. Олардағы температура 2500 градус шамасында. Жұлдыздардың центріндегі температура ондаған миллион градусқа барады екен. Сондай-ақ, ешқандай сәулелендіруді өткізбейтін қара тесік атанып кеткен ерекше нейтронды жұлдыздар да бар. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |