10:38 Рухани-танымдық сүрлеулер | |||
КҮН мен АЙ және ЖЕР ЖАЙЫНДАҒЫ АЗДАҒАН МӘЛІМЕТТЕР Күннен бастап санағанда, Күн жүйесінің үшінші планетасы. Жердің жасы шамамен 4,5 миллард жыл. Ол дөңгелекке жуық эллипстік орбита бойымен орташа 365,24 тәулік ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Жердің өз осімен айналуы себебінен күн мен түн алмасып отырады. Жер шарының 70,8 пайызы мұхиттар мен теңіздер. Ғалымдар жер төрт қабаттан тұрады дейді. Олар: Бірінші қабат – құрылықтық тип, қалыңдығы – 33 км. Екінші қабат – мантия, қалыңдығы – 33 шақырымнан 2900 шақырым аралығы. Үшінші қабат – жер өзегінің (ядросының) сыртқы қабығы, қалыңдығы – 2900 шақырымнан 5100-ге дейін. Төртінші қабат – Жер өзегі. Оның қалыңдығы 5100 шақырымнан 6350 шақырым тереңдікте орналасқан. Күн – үздіксіз энергия бөліп тұратын қуат көзі. Ол сутегіден тұратын құс жолының алыстау пұшпағында жатқан планета. Күннің орбитасын планеталар мен астероид аталатын аспан денелері айналып жүреді. Күннің диаметрі шамамен 1,4 млн шақырым. Күн Жерден 100 есе, Юпитерден 10 есе үлкен. Жер мен Күннің ара қашықтығы 150 миллион шақырым шамасында. Күн ядросындағы температура 15 миллон градусқа дейін көтеріліп, осы ядрода атомдардың қосылу процесі арқылы Күн энергиясы бөлініп шығады. Күннің шапағы Жерге 8 минутта жетіп, нұрын өгеді екен. Күннің ішіне Жер тәрізді 109 планета сыйып кете алады. Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон планеталары күнді айналады. Олар жылу мен жарықты Күннен алатын болғандықтан, Күнсіз өмір сүре алмайды. Бұл планеталардың Күнді айналу ұзақтығы әрқалай. Мысалы, Жер Күнді шамамен 365,24 тәулікте бір рет, Меркурий – 87,97 рет, Шолпан – 224,7 рет, Марс – 686,98 рет айналса, Юпитер – 4322,6 рет, Сатурн – 10759,2 рет, Уран – 306882,2 рет, Нептун – 60182,3 рет, ал Плутон болса 90777,6 рет айналып шығады. Ай Жерге ең жақын орналасқан, өзінен жарық шығармайтын аспан денесі – Жердің табиғи серігі. Айдың диаметрі Жерден 4 есе аз, 80 есе жеңіл, 356-406 мың шақырым қашық. Айдың бүкіл бетінің 59 пайызын ғана көреміз. Түнгі мезгілде Ай температурасы – 1690 градусқа жетеді де, Күн тас төбеге шыққанда, Ай беті 1220 градусқа дейін қызатын көрінеді. Ай Жерді бір рет 27,32 тәулікте айналып шығады. Бір кереметі, әр планетада салмақ өзгеріп, жердегі салмағы 70 кг болатын адам Меркурийде – 19 кг, Шолпанда – 63 кг, Марста – 20,5 кг, Юпитерде – 2020, Сатурнда – 92, Айда – 11,4 г болады екен. Жердің жалғыз ғана серігі бар. Ол – Ай. Плутонның да серігі біреу. Ол – Хорон. Меркурий мен Шолпанда табиғи серік жоқ. Марста екеу. Олар – Фобес пен Деймос. Юпитерде – он алты серік болса, Сатурнда – он сегіз, Уранда – он бес, Нептунның сегіз серігі бар. Оның бір серігі Нерейда Нептунды 360,13 тәулік ішінде айналып шығады екен. Бұл планеталардың арасындағы ең үлкені – Уранның серігі – Титаннның диаметрі – 51 км. Ай – бесінші орында. Ең кішкентайы – Марстың серігі – Деймостың диаметрі – 12 км. Ай, Меркурий және ең кішкентай планета – Плутонда ауа жоқ. Оларды қараңғы түнек болғандықтан жұлдыздар жарқырап тұрады. Ең ыстық Шолпаннан аспан сары түсті, көкжиек сұр көрінеді. Марс аспаны құбылмалы. Бірде көгілді, бірде қоңыр-сұр болып тұрады. Күндіз көбіне алқылыз болады. Уран аспаны жасыл түстес болса, ең үлкен планета – Юпитер аспаны күн сайын бұлтты тұнжырап тұрады. Күннің толық тұтылу уақыты – 7,5 минут, ал Айдікі – 104 минуттай. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |||
|
Всего комментариев: 0 | |