11:40
Рухани-танымдық сүрлеулер

АЙЛАРДЫҢ ДА ҚҰПИЯ СЫРЫН БІЛЕЙІК

Дүйсенбіден басталатын жеті тәулік аптаны құраса, апталардан ай туады. Ай – қасиеті аспан денесі. Айлардың өзі әр түрлі болады. Аспан ашық болса да, Ай көрінбейтін түндер де бар. Бұл кез – жаңа айдың басы. Осы күндерді бабаларымыз өліара деп атаған.

Алғашқы күні айдың жіңішке орағы көрініп, келесі күндерде орақ үлкейіп, өсе береді. Жеті күнде ай орағының дөңес жағы оңға қараған жарты дөңгелек қалпына келеді. Бұл – айдың бірінші ширегі.

Алға жеті күн өткенде, Ай толық дөңгеленеді. Бұл – толық ай.

Толық ай – айдың он төрті. Ай оң шетінен кетіліп, жеті күн өткенде сол жартысы қалып, төртінші ширекті көрсетеді.

Осы бетімен кеміп, таусылып, жаңа ай туады. Жаңа айды көргенде: «Ай көрдім, аман көрдім! О, Алла, жаймашуақ заман бергін!» немесе «Ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқа! Жайлы күн сыйла халыққа!» - деп қол жайып, бетін сипауға әдеттенген екен. Сондай-ақ, «О, Алла! Туған айдай, шыққан күндей жарылқа. Басты аман, бауырды бүін қыл, отыңа оралтпа, суыңа сүрінтпе. Тірілерге жиған бер, өлілерге има бер!» деп те жатады.

Айдың әр түрлі өзгерген көріністерін фазалар деп атайды. Фазаларға қарап, айдың неше жаңасы әрі ай көрінбейтін түн – өліара екенін немесе ендігі жаңа ай қашан туатынын айтуға болады.

Айдың бір фазадан немесе бір өліарадан екінші өліараға, бір толық айдан келесі толық айға дейінгі уақыт – жұлдыздық ай дейді.

Айлық айымыз жұлдыздық айдан артық. Себебі, Жер қозғалмай оны Ай айналар болса, айлық ай мен жұлдыздық ай бірдей болған болар еді. Ал Жер қозғалыста болып, Күнді айналып жүргендіктен, Ай Жерді бір айналып келгенде, Жер бұрыны орнында болмай, өз орбитасымен ілгері кетіп қалады. Алғашқы шыққан тұсына жету үшін, Айға қосымша екі күн керек екен. Сондықтан да айлық ай жұлдыздық айдан артық.

Бабаларымыз Күн мен Айдың қозғалу реттерін, көптеген жұлдыздардың туу, бату уақытын және көрінетін орындарын жақсы білген. Ен далада жұлдыздарға қарап, жол табу әдісін де меңгерген.

Күннің көрінерлік жолында 2 шоқжұлдызы бар. Олардың әрқайсысында Күн бір айдан болады. Тұсына Күн келген кезде, Күн бойындағы осы 12 шоқжұлдыз Күн тасасында көрінбей қалады.

Халық арасында күн райын болжайтын және уақыт есебімен шұғылданатын арнайы есепшілер ұрпақтан қалған тәжірибелерді жинақтап, жыл сайын табиғат құбылыстарына бақылау жасап, күн райын болжайды. Олар толық жыл есебін жүргізіп, маусымдық жұмыс кезеңдерін белгілейді, қысты болжайды. Әр айдағы күннің шұғыл бұзылатын кезеңдерін алдын ала болжап, жұртты хабардар етіп отырады. Жыл айларын дұрыс есептеу үшін Айдың қозғалысын үнемі бақылап, айды үш ондыққа бөлген. Айдың алғашқы жеті тәулігін «бір жаңасы» деп санап, сегізінші тәулігінен бастап, алғашқы ширегі дейді. Ол жеті – тоғыз тәулік. Мұнан кейін толған Ай толық көрініп, түндер сүттей аппақ жарық болады. Бір жеті өткен соң ай кеми бастап, соңғы ширегіне өтеді. Айдың кеми туатын осы шағы – «Айдың қорғалуы». Айдың өліарасы – ескі айдың бітіп, жаңа айдың әлі көріне қоймаған кезі – өліара атанған.

Жаңа айдың тууы, толысу, өліара шағына қарай отырып та, ауа райын болжап отырған.

Өмір тәжірибесіне жақын бұл айлар арқылы халық қардың еруін, көктің шығуын, өсімдіктердің толуы мен солуын, салқын түсіп, аспанды сұр бұлттар торлап, күздің келуін, қар жауып, аяз бен боран кезекетсіп, қыстың түсуін біліп отырған.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

 

Просмотров: 263 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: