19:56
Рухани-танымдық сүрлеулер

ТАБИҒАТ ТАҢҒАЖАЙЫПТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҰЛТТЫҚ ҰҒЫМДАР

Наурыздың 4-і мен 5-і күндері – Үркердің жамбасқа батуы, жылымық болатын күндер. Ал күн райы күрт өзгеретін, доңыздар ұрпақ беретін, наурыздың 6-8 күндерін, халықта «Доңыздың толғағы» атаған екен. Наурыздың 8-9 күндерін – Үркердің оң жамбасқа түсіп, толқыма өткеннен кейінгі шақты қазақта «Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» деп атаған.

Наурыздың 17-сі мен 21-інің аралығында болатын жауын-шашынды күндер – «Бес қонақ». Бесқонақ өте салысымен, ел арқасын кеңге салып, көктемгі атқарылатын істеріне дайындалады.

Табиғат пен адам – егіз ұғым. Табиғатты адамды әлдилер ана десе де болады. Оның тылсым сырын түсініп, аялап, қорғау әркімнің де борышы болуы керек. Бір жыл ішіндегі болатын болатын табиғи құбылыстарға тән ұлттық ұғымдарды әркім де есінде сақтап, ой елегінен байыптап өткізіп, білім жүргенінің еш артықтығы болмас. Мұны өмірге қажеттілік ретінде түсінсек, ұтылмасымыз ақиқат.

 
 
 

жиған-терген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 257 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: