16:56
Оңашадағы ойлар

Мектепте болсын, жоғары оқу орнында болсын, оқытушылар балаларға тек бағдар ғана береді. Ал, адамның білімді болуы сол адамның «самообразованиемен» қаншалықты айналысатындығында.

Қазақтың өз тамырынан ажырамай әлемдік өркениетке ұмтыылуы ғана ұлтты жоғары сатыға көтереді.

Тек орысша ғана оқу немесе тек қазақша біліммен шектеліп қалу да – қазақ үшін өте қауіпті нәрсе. Томағатұйықтықтан да ада, нигилизмнен де ада ортадағы синтез ғана бізді білімді ұлт деңгейіне көтереді.

 * * *

«Басқа тілдерді меңгерген адам» мен «білімді адам» деген түсініктерді шатастырудың қажеті жоқ. Орыс тілі меен ағылшын тілін білетін адамды ғана білімді деу – біздің таяз ойлайтынымздың тағы бір белгісі. Мен ағылшынша білетін біздің балаларымыздың Шекспир мен Блейкті оригиналда оқып жүргеніне күмәнмен қараймын.

Олардың ол тілді пайдалану аясы «бытовуха» мен «договордың» төңірегінде ғана жүзеге асады. Кез келген тілді үйренудегі басты мақсат жалпы әлемдік өркениетті үйрену болуы тиіс. Басқа тілдерді осындай ұлы мақсатпен үйренгенде ғана ұшпаққа шығамыз.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 276 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: