20:09
Лирикалық шегініс

Жүрек шиырлары

 

СӘУЛЕЛІ ТАҢ

 

Қараңғылық жүрегімді басып жатқан,

Жан-сезімім бейне мұз болып қатқан,

Көз-жанарым жылтырағанға өзін сатқан...

Сәуле шаша жаңа таңым міне атқан.

 

Махаббаттың сән-сайраны ұмыт қалған,

Адасу мен шатасудан қанат талған,

Жалғыздық кеп зілдей шынжыр салған...

Сәуле шаша жаңа таңым өріс алған.

 

Сатқындықтан жан-жүрегім жалғыз кеткен,

Ұзағынан жалғыз жүре тірлік еткен,

Үміттене осы күнге міне жеткен...

Сәуле шаша жаңа таңым әндеткен.

 

Адалынан ой-сезімім жыр шашты,

Асылынан жан әлемім сыр ашты,

Жалғандығын көргеннен соң қыр асты...

Сәуле шаша жаңа таңым шашу шашты.

 

Осы сәтте оянып мен келемін,

Ғашығыма жүрегімді беремін,

Махаббаттың еңлік гүлін теремін,

Сәуле шашқан жаңа таңыма сенемін,

Сенім артып құшағына енемін.

 

ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

www.shakhibbeker.ucoz.kz

shakhibbeker@gmail.com

Просмотров: 1113 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: