12:14
Лирика - 31
Жүректен – жүрекке (таңдамалы)
АРМАН
Адамдарда махаббат деген сезім бар,
Амплитудасы ұшаң-теңіз, емес-ау тар.
Атам заманнан келе жатыр әупірімдеп,
Айналайын, біз де оны қылайық жар.
 
Раушан гүл ғой көркіменен тартымды,
Реңіне сай хош иісімен тұщымды.
Рауан шақта ойлай берем өзіңді,
Рахат болар-ау, болса іңкәр мардымды.
 
Мамыр келер мамыражай далаға,
Маусым жетер мезгілімен айналаға.
Мен – саған, сен – маған болсақ ғашық,
Махаббат айналар-ау той-думанға.
 
Ағып жатыр арнасынан Ертіс ойда,
Ағын сумен лық толды сай да, ой да.
Асыл жаным, арман құсым самғаған,
Асылы, сені ойласам, от ойнар бойда.
 
Нұрға толы, жырға толы болсын көктем,
Нанға толы, құтқа толы болсын өлкем.
Наз үнімді нәзік саған мен арнаймын,
Неткен ғажап жан мен тәнің сенің, еркем!
 
Кідіріс
Қараңғы.
Айналада жансыз тірлік,
Жатыр ауыл ұйқыда, сақтап бірлік.
Үн-түнсіз тыныштық.
 
Дүңк-дүңк.
Қуыстан естіледі жүрек дүрсілі,
Тілдері сағаттың жүруде ерсілі-қарсылы,
Тик-так та сарт-сұрт.
 
Сәуле.
Сығалайды Ай әйнектен,
Сағынышым ойлай Сені міне жеткен,
Сұлу бейнең – сағым, елес.
 
Ой иірім.
Қадалды көз бір нүктеге,
Арнамаймын сезімімді сенен басқа ешкімге,
Арман – қиял.
 
Таң-тамаша,
Көрдім міне тағы Сені түсімде,
Асыл жаным, тек жақсылық ісімде,
Іңкәр оңаша.
 
Сен әдемі
Жасыл көрпе жамылған Жер әдемі,
Аққу-қазы қалқыған дария әдемі,
Әуезімен шалқыған әуен әдемі,
Бәрінен де, жаным-ау, сен әдемі.
 
Мезгілімен бүршік жарған ағаш әдемі,
Көктем лебі аңқыған жел әдемі,
Бірлігімен күн кешкен ел әдемі,
Бәрінен де, жаным-ау, сен әдемі.
 
Айналаға нұр шашқан Күн әдемі,
Ай, жұлдызы жарасқан түн әдемі,
Тыныштықта ерке-сылқым үн әдемі,
Бәрінен де, жаным-ау, сен әдемі.
 
Шақыратын алысқа жол әдемі,
Сақина-сағат жарасқан қол әдемі,
Көрікті ғып безендірген холл әдемі,
Бәрінен де, жаным-ау, сен әдемі.
 
Түссіз, аққан сылдырап су әдемі,
Жәндік, құсы шұрқырап ну әдемі,
Ою-өрнегі шырқырап Ту әдемі,
Бәрінен де, жаным-ау, сен әдемі.
 
Жарасады
Жарасады ақ қағазға шыны қалам:
бірі – берсе, бірі – алар,
үлгермесе – өліп қалар,
мүмкін, әлде қанаты талар –
әйтеуір, түбінде, бірдеңе жазар.
 
Жарасады қос жанарға жазу-шимай:
ептеп-ептеп көз салар,
бір жүгірте оқып алар,
не болмаса көріп қалар –
оқи-оқи, қарай-қарай таусылып талар.
 
Жарасады ақыл-еске асыл ой:
жықпылдарға таралар,
керегінше саралар,
еркін құсша аралар –
не керек, бірінен-бірі нәр алар.
 
Жарасады сезімді жанға сезікті жүрек:
кейде – ұғар, кейде – бұғар,
бірде – құшар, бірде – ұрар,
біресе – құмар, біресе – соғар –
Әсілі, бір жақсылық махаббаттан шығар.
 
Жүрегім
Жырла, жырла, жүрегім, жырла, жырла,
Сол жырменен әуелесін айнала!
Самға, самға, жүрегім, самға, самға,
Кез жалықпай кең даланы зер сала!
 
Әндет, әндет, жүрегім, әндет, әндет,
Әсем ән берсін қуат, кетсін індет!
Шырқа, шырқа, жүрегім, шырқа, шырқа,
Шын сүю – ғашықтарға басты міндет!
 
Биле, биле, жүрегім, биле, биле,
Аяндай түс арғымақша, шаба, желе!
Шарықта, шарықта, жүрегім, шарықта, шарықта,
Адал болған сезімімді сез де еле!
 
Күл, күле түс, жүрегім, күн күлімде,
Жарқын болғай махаббатпен түн-күнім де!
Самға, самға, жүрегім, самға, самға,
Сені аңсай күнде-күнде жүрем де!
 
Қуаң, қуаң, жүрегім, қуаң, қуаң,
Есіміңмен батады күн, атады таң!
Гүлде, гүлде, жүрегім, гүлде, гүлде,
Сенсің, жаным, жаныма жақын жан!
Шаhмантегі-Ибраhим Бегімхан Керімханұлы
www.shakhibbeker.ucoz.kz
 
Просмотров: 940 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: