10:26
Лирика - 28
Жүректен – жүрекке (таңдамалы)
Наурыз
О, наурыз – көктем басы,
Суға толды айнала, сай-саласы.
Күн жылуын көбейтіп, нұр шашады,
Күлімдеген көктем пердесін ашады.
 
Наурыз келсе, өзгерер ауа райы,
Қары кетіп, бусанар жердің жайы.
Жылы жел бара-бара қыр асады,
Күні келсе, Ертіс-тағы тасады.
 
Бұл наурызда өзгерер-ау табиғат,
Айналаға шашылар-ау шапағат.
Күні күнге уақыт қосады,
Қара жер жылылықты тосады.
 
Наурыз келсе, түрленер айнала,
Далада күлім қағар үлкен-бала.
Көшеде әрлі-берлі көп жүреді,
Ит-қаншықтар көңілдене үреді.
 
О, наурыз – көктем басы,
Жадырар, жадырасын адам баласы.
Махаббат жүректерде оянады,
Ғашықтар бір-бірінен нәр алады.
 
Жүрекке жүрек
Жүрекке жүрек жайыменен ашса сыр,
Қызғалдақтай құлпырар-ау ой мен қыр.
Шын сүйгендер сезімдерін білдіре,
Ақ қағазға жаза түсер ән мен жыр.
 
Асыл ойлар ашық аспанда әуелер,
Толқындайын ауық-ауық шабыт келер.
Ертеңгіге зор сеніммен үміттене,
Ынтықтық сәйгүлігі шабар, желер.
 
Дұрыс ниет орнатар-ау патшалық,
Сағыныш жетелер бізді қаншалық?!
Сүйген жанын бір көруге құлшына,
Саған деген махаббатым соншалық!
 
Адал пиғыл жетелеп жүр әуелден,
Адамға адам үйір екен-ау ежелден.
Арман болса шақырады қызғандыра,
Жел еседі Жүрек атты бір елден.
 
Жүрекке жүрек бола түсті ынтызар,
Бір өзіңде – шын ғашықтық, таза ар.
Аймалайын, аялайын еркелете,
Сүйсем сені өне-бойым әсте қызар.
 
Сезімге толы көктемде
Сезімге толы көктемде,
Қар еріп, жылу жеткенде.
Елестейсің бір өзің –
Бар әлі де үміт, төзім.
 
Сыз сезілер жүректе,
Оған сезім керек те.
Көз алдымда ажарың –
Әдемі қос жанарың.
 
Сырға толы жалғанда,
Сағынысып қалғанда.
Күлімдейсің сағымдай –
Бейне ерке ағындай.
 
Жел еседі жайымен,
Күн жылжиды айымен.
Міне-міне сұлу сәнің –
Баурап алар жан-тәнің.
 
Көрінеді қара жер,
Сені сүйер мен бір ер.
Жақындашы, жарқыным –
Таман болшы, алтыным.
 
Берік қой саған деген...
Берік қой саған деген махаббатым –
Толқын-толқын топан су еш шаймас,
Қатты желде шаңырағы шайқалмас,
Зілзалада бейне үйдей қирап қалмас.
 
Берік қой саған деген ғашықтығым –
Бағыт берер жарқ-жұрқ жанған шамшырақтай,
Дербестенер жауабын тапқан сұрақтай,
Сондай таза мәңгі ағынды бұлақтай.
 
Берік қой саған деген ынтықтығым –
Бір өзіме бұлбұлша ән салады,
Өмір-жалғаннан бар асылды алады,
Сені сүйе мәз-мейрам боп қалады.
 
Берік қой саған деген сезімім –
Шын беріле қуана-қуана жасап қалар,
Шапағатын шаша-шаша сайран салар,
Шырағын бұл жалғанның ептеп жағар.
 
Берік қой саған деген іңкәрлігім –
Сен туралы жүректі ән салатын,
Сағыныштың аясында-ақ қалатын,
Сені сүйе бар рахатты алатын.
 
Білесің бе сен?
Білесің бе сен?
Ұшырадың бірден көзіме,
Бердім ерік сырлы сөзіме,
Сүйемін деп сені жатпай-тұрмай
ант етемін өз-өзіме.
 
Білесің бе сен?
Бір көргеннен сүю бар екен,
Жүректегі сыры терең, ауқымы кең.
Енді жаһанды жүз айналсам да
бір өзіндей табылмас тең.
Күдіктенбе, осыма сен.
 
Білесің бе сен?
Көңіл-күйім алаң-елең,
Бейнең – елес, сезімім – өлең.
Бар болмысым тәулік бойы
Сені ғана аңсайды кілең,
Мен тілеймін осыны, сен де тілең.
 
Күн нұрындай шуақты,
Ай мен Күндей тұрақты,
Шын құдірет – Махаббат.
Шаhмантегі-Ибраhим Бегімхан Керімханұлы
www.shakhibbeker.ucoz.kz
Просмотров: 894 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: