11:45 Лирика - 24 |
Жүректен – жүрекке (таңдамалы)
Салтанат-ау жан сарайың
Салтанат-ау жан сарайың –
тамсандырар, шөл қандырар,
толғандырар, сағындырар,
елжіретер, елестетер,
тебірентер, жай-ау тербер...
Үйлесімді иілмелі қозғалысың –
еріксіз билеуге шақырар,
жүрегім алақайлап бақырар, т
оғыссам, жұлдызша жарқырар,
бойымда құмарлық сарқырар.
Бейне гүл қос жанарың –
суындай бұлақтың мөлдірер,
ынтықтық сезімін білдірер,
мұңайған кейпімді күлдірер,
көзіммен түйіссем, үлбірер.
Жарасты, келісті жан-тәнің –
артықтық, даралық сезілер,
сүйсіне жүрегім езілер,
ғашықтық бойыма жүгірер,
өзінсіз қалайша өмір сүрем?!
Асылы сол ауылдың...
Асылы сол ауылдың маған қымбат,
Мөлдір көз, жібек мінез, сұлу сымбат.
Бойына бар бояуды жиып алған,
Қос қиесі – адал Сезім, шын Махаббат.
Асылы сол ауылдың тым ерекше,
Жан әм тәні, түр-тұлғасы бөлекше.
Кезсем-дағы әріл-берлі қала-даланы,
Мен көрмедім мұндай жанды бүгін, кеше.
Асылы сол ауылдың бейне марал,
Шетсіз, шексіз мұхиттағы жұмақ арал.
Кезігуге мен асықпын тағы-тағы,
Екі жүрек қосылатын болар амал.
Асылы сол ауылдың сәнді ақық,
Төрт мезгілде бір өзіме жүрегі ашық.
Күмп бердім Ғашықтықтың дариясына,
Асылыма жан-жүрегім сондай ғашық.
Асылы сол ауылдың маған таман,
Мендік болса, сейілер ұзақ тұман.
Бар арманым ертелі-кеш, күннен-күнге,
Асылыммен қосылу, болсақ аман.
Қызғалдағы қаңтардың
Қызғалдағы қаңтардың
Мәңгі гүлдер,
Бояуымен сан мәрте
Түрлендірер.
Қар басқан айналаны
Нұрландырар,
Ынтызар жігіт жанын
Толғандырар.
Бой бермес аяздың да
Беті қайтар,
Нұр алған жүрегім ше
Сырын айтар.
Қыдырмалы суық жел де
Сәл аялдар,
Қаңтардағы қызғалдақ
Оны да баурар.
Сан құбылыс, тірлігін
Басын иер,
Хош әм ару қызғалдақ
Мені сүйер.
Періште
Өз бөлмеңде жаз аңқиды мәңгілік,
Бояулары оған берген сәнділік.
Жан-тәнімен гүл жайнаған періште,
Болмысыңда ұшаң-теңіз мәнділік.
Мен сүйемін, сені сүю – биік арман,
Сырға толы жан әлемің – нулы орман.
Ажарымен сұлуланған періште,
Есіміңмен дүр сілкінер дала, қырман.
Сүйсең егер, өмір болар нұрға толы,
Гүл-гүл болар Махаббаттың ақ жолы.
Жібектейін желбіреген періште,
Созылады наз білекке жігіт қолы.
Сезімімнің баға жетпес таңдауымсың,
Жүрегімнің бақыт берер қалауымсың.
Алтын Күндей сәулеленген періште,
Құр жаныма жылу төгер алауымсың.
Өтінемін, қайтармашы бағытымды,
Бір өзіңмен мен табармын бақытымды.
Бойтұмардай мені сақтар періште,
Арнау етемін ғұмырлық уақытымды.
Қатты-қатты сағындым-ау үкілімді
Мен көрмеймін сенен басқа ешкімді,
Жалғыз сенсің жанға жайлы, сүйкімді.
Бұл биіктен көрінеді жарқын бейнең,
Қатты-қатты сағындым-ау үкілімді.
Қашан келер жасыл желекті көктемім, С
онда болар бүршік жара көктеуім.
Алыстағы сол мекеннің наз киесі,
Бір өзіңді сүю, сыйлау көксеуім.
Сылдыр қаға суға айналар қалың қар,
Сары майдай мен сақтаймын таза ар.
Етегі желмен желбіреген жібегім,
Қалыңдық боп сөз байласаң, болайын жар.
Тыраулата тырна жетер, сайрар бұлбұл,
Жаным – ынтық, сезім – адал, жүрек – дүлдүл.
Шатты Күндей, айлы Түндей жарқыным,
Нық сенімнің нақ нүлдеген шағы бұл.
Тамшылар аппақ қары төбе-шатырдың,
Келер кезі мамыражай майда мамырдың.
Маздағанда алаулатар ынтық жаным,
Өткен түсте алдымда, шіркін, отырдың.
Шаhмантегі-Ибраhим Бегімхан Керімханұлы
www.shakhibbeker.ucoz.kz
|
|
Всего комментариев: 0 | |