22:24
#кітапқұмароқырман

Кıтап оқығанда мына қателıктерге жол бермеңıз!

Мектепте мәтıн оқытқанда қалған қажетсıз әдеттер өмıрıмıзде қалыптасып кеткен . Солар жайында қысқаша айтып өтемıн!

 

Басынан аяғына дейıн оқу

Кıтап , газет - журнал тıптı оқулықты да басынан аяғына дейıн оқып шығу мıндет емес. Қажетсıз ақпараттардың не керегı бар? Құры босқа күш , уақыт кетедı. Оқығанымыз пайдалы болсын десек, бұл әдеттен арылу қажет.

 

Түгел түсıну

Кıтапты бастан - аяқ оқысаңыз, оқығанның бәрıн түсıну керек деген нәрсе қате. Олай жасау екıнıң бıрıнıң қолынан келе бермейдı. Ол мıндеттı де емес. Бıр мәтıндı кейде бıрнеше рет                    оқысаңыз да ештеңе түсıнбейтıн кездер болады. «Оқысам да  дым түсıнбеймıн» деп өзıңıздı жазғырудан абай болыңыз.

 

Еске сақтап алу

Кıтапты басынан аяғына дейıн оқып, оны бıрден түсıнıп, мазмұнын айта алуыңыз керек дейтıн түсıнıк қате. Мектепте мәтıннıң мазмұнын айту үшıн бıрнеше рет оқитынбыз. «Апай, бıр қайталап алайыншы» деп сұранатындар да болатын. Бұл қалыпты нәрсе.

 

Жылдам оқудың 9 тәсıлı

Осыдан 30 жыл бұрын Принстон университетıнде жылдам оқуға дағдылануға арналған "PX жобасы" атты семинар өттı. Семинарға қатысқан тıл мамандары мен ғалымдар оқу жылдамдығын 5-10 есеге арттырған. Семинарда тıл мамандары мен ғалымдар пайдаланған және мақұлдаған 9 тәсıлдı сıздерге көрсетпекпıн.

 

Карандашпен оқу: Мәтıннıң әр жолын карандашпен жүргıзıп отырыңыз. Көзıңıз карандашқа ерıп отыратындай болуы тиıс. Басында баяу қарқынмен бастап көрıп, көзıңıз үйренген сайын жылдамдықты үдете берıңıз. Ішкı жылдамдығыңыз артқан сәтте, сана сүзгıсı де жетıледı.

Яғни карандашқа ерген көз арқылы ıштей оқу жүйесı мызғымас қалыпқа түседı. Алғашқы уақытта бұл тәсıл оғаш көрıнуı мүмкıн, бıрақ бейıмделген сайын оқу жылдамдығы бıршама жетıледı.

16 %

 

Жаңылтпашты күнделıктı оқу: жаңылтпашты күнделıктı оқу - оқу жылдамдығын арттыруға көмектеседı. Себебı, жаңылтпаштағы сөздер бıр-бıрıне ұқсас болғандықтан ол сөздердı ажыратуға көз үлкен күш салады. Жаңылпашпен жұмыс жасап үйренген көз қарапайым мәтıндı тезıрек оқиды. Жаңылтпашты оқығанда көзбен оқисыз.

Жаңылтпаштың тағы бıр қасиетı сөздıк қорыңызды көбейтуге таптырмас құрал.

28 %

 

Сүзгı тәсıлı: Оқығалы жатқан кıтабыңызға 5-6 сұрақ қойып алыңыз. Сол сұрақтың жауабын ıздеу үшıн кıтапты оқыңыз. Адам кıтапты қарапайым оқуға қарағанда сұрақты ıздеу арқылы шапшаң оқиды.

Мысалы: "Дайағашы" кıтабынан "дайағашы" сөзıнıң мағынасын ıздедıм. Кıтапты алып парақтағанда, бıр қарағаннан-ақ сол бетте "Дайағашы" сөзı бар-жоғын түсıнуге болады. Беттı парақтап көзıңıзбен шапшаң ıздей бастайсыз. Бұл тәсıл сıзге жылдамдық пен түсıнıктı қатар қалыптастырады.

40 %

 

Терıс қаратып оқу: Кıтапты жоғарыдан төменге айналдырып, терıс қаратып оқыңыз. Алғашында бұлай оқу қиынға соғады, бıрақ кейıннен миыңыз бұл қалыпқа да үйренедı.  Мәтıндı  қаншалықты  қиындатсаңыз соншалықты тезıрек оқитын боласыз. Кıтапты терıс қаратып оқуға көз тез үйренıп алады. Содан кейıн оң қаратып оқысаңыз сөздер еркıн әрı тез оқыла бастайды.

Бұл тәсıл тез бейıмделуге, шапшаң болуға көмектеседı.

50 %

 

Тıркеспен немесе топтастырып оқу – әр сөздı жеке-жеке оқымай, екı-үш сөздı бıрıктıрıп, тıркес етıп оқу. Кıтап парағының әр жолында 8-12 сөз болса, сол 8-12 рет сөзден сөзге секıрıп, кıдıрıс жасалады. Ал тıркес арқылы 3-4 рет қана кıдıрıс жасауға болады.

63 %

 

Көп оқу: Мәтıндı мейлıнше көп оқысақ жаңа сөздермен танысасыз. Адамның көзı таныс емес сөздерге көп уақыт кıдıрıс жасайды. Ал таныс сөздердı бıр қарап, түсıнıп өте шығады. Көп сөзбен таныс болсақ оқу жылдамдығымыз да 4-5 есеге артады. Көп сөзбен таныс болу үшıн кıтапты көбıрек оқу қажет.

72 %

 

Бұрын оқыған кıтабыңды оқу: Бұрын оқып кеткен кıтапты қайта оқысаңыз ерıксıз түрде жылдам оқисыз. Себебı, ондағы сөздер сıздıң түпсанаңызда сақтаулы болады. Әр сөз таныс болады. Бұрын оқыған кıтапты жиı оқып миды жылдам оқуға ынталандыру қажет. Бұл бıр жағынан жылдамдыққа тәрбиелесе, бıр жағынан есте сақтауды күшейтедı.

81 %

 

Көзбен оқу: тек көзбен оқуды бастаңыз, әдетке айналдырыңыз. Негıзı кıтапты адамның көзı емес, шүйдеде орналасқан ми бөлıгı оқиды. Көз тек ортадағы өткıзгıш қызметıн атқарады. Ал көз секундына 1 миллиард ақпаратты қабылдай алатын қабıлетке ие. Былайша айтқанда, адамның көзı минутына 1000 сөздı оңай оқи алады.

Күн сайынғы жаттығулардан кейıн көзбен оқудың жылдамдық пен түсıнıкке пайдалы екенıн байқайсыз . Дауыстап оқығанға қарағанда көзбен оқығанда 10 есе жылдам оқи бастайсыз.

88 %

 

Шульте кестесı: Көздıң көру аймағын кеңейтуге арналған кесте. Бұл кесте кıтапқа бıр қарағанда 7-10 сөздı көруге көмектеседı.Бұл кестенıң нәтижесıн көп көру үшıн кестемен жаттыққан бойдан кıтап оқу керек.

 

 

Шульте кестесıн қолдану шарты: көздı кестенıң дәл ортасына бағыттаймыз.

Кестеде ол 18 саны. Көздı ортадағы саннан айырмаған күйı 1ден 25-ке дейıнгı сандары өсу ретıмен табу.

Ескерту: көздı жоғары-төмен, оң мен солға жылжытуға болмайды.

100 %

 

Жылдам оқып үйренсеңıз, сıзде ерекше қабıлет пайда болады. Жылдам оқу дегенıмıз кıтапты басынан аяғына дейıн минутына 1000 сөзден оқып шығу емес. Оқу әртүрлı болып келедı , ол кıтапқа байланысты. Өйткенı икемдıлıк әр кезде әрқалай. Кıтаптың кей бөлıгı оқиғалар желıсıмен жазылса, зуылдап оқи аласыз. Ал ойландыратын сөздер жазылған беттердı оқи сала, кıдıрıс жасап, автордың философиясы туралы ойланасыз.

 

Өз ойыңызды қорытып, авторға өзıңıздıң айтатын пıкıрıңıздı қалыптастырасыз: қарсы шығасыз немесе қолдайсыз. Сол жерге стикер жабыстырып, алдағы уақытта қайта айналып соғамын деп белгıлейсıз. Тұлғалық даму туралы кıтаптар да сондай. Кей бөлıгıн жылдам оқисыз. Автор пайдалы кеңес ұсынғанда, тоқтап, оған стикер жабыстырып, өмıрде қолдану керек деп шешıм қабылдайсыз. Кıтапты жауып тастап, берıлген кеңестı амалға асырмайынша, оқуды жалғастырмауға болады.

 

Күнделıктı жаттығу жасаңыз

Жылдам оқу техникалары әртүрлı. Барлығының пайдасы бар. Осы кıтапта берıлген жаттығуларды үзбей жасап, күнıне кемıнде 60 минут уақыт бөлу керек.

 

Жаттығу залына үзбей барып жаттыққан адамның бұлшық еттерı қалай ойнап шыға келгенıн көрген боларсыз. Шынтақ пен иық бұлшық еттерı бұлтиып, денесı де сымбаттана түседı. Сол секıлдı көз бен ми жылдам оқуға бейıмделедı.

 

Жылдам оқуға кедергı болатын нәрселердı жойып, оқу тәсıлдерıн жиı-жиı қолданған сайын оқу жылдамдығыңыз арта түседı. Бұл қуаныш сыйлайды. Бұл тәсıлдı бұған дейıн қалай бıлмегем деп өзıңıзге ренжıп алсаңыз да, орынды. Бıр деңгейге жеткен соң еш өзгермей сол деңгейде тұрып қалғандай сезıмде боласыз.

 

Жаттығу залында да денедегı бұлшық ет өзıндегı барды көрсетıп, сонымен тоқтайды  Жаңа бұлшық ет қалыптастыру үшıн ауыр салмақтағы жаттығу жасау керек. Дәл солай жылдам оқуды ары қарай жетıлдıру үшıн жаттығу деңгейıн көбейту керек. Мысалы: 300 беттı бıр отырғанда оқып тастау, күнıне бıр емес екı сағат уақыт бөлу. Бıздıң бıр жаман әдетıмıз – тұқым егемıз де дереу жемıс беруıн қалаймыз. Яғни, нәтиженıң бıрден көрıнуıн күтıп, асығамыз. Бıрақ жұмыртқадан балапан шығуы үшıн де 21 күн керек. Егер жылдам оқу сıз ойлағандай нәтиже бермесе, көңıлıңıзден шықпаса, тастай салудан аулақ болыңыз. Жаттығуды жалғастыра берıңıз.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 184 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: