19:25 #кітапқұмароқырман |
ЖЫЛДАМ ОҚУ ДЕГЕН НЕ? Жылдам оқу - ол әдеттегıге қарағанда тезıрек оқу емес. Жылдам оқу - оқығанды түсıну, есте сақтау. Жылдам оқу дағдысын үйрене, сıз миыңызды дамытуға түрлı жаттығулар жасап, ойлау қабıлетıңıздı дамытасыз. Тек оқу барысында ғана емес, күнделıктı өмıрде, жұмыста кез келген мәселенıң шешıмıн тез тауып, тез ойлануды үйренесıз.
Нейробиологтар (миды зерттейтıн ғалымдар): адам неғұрлым кıтапты көп оқыса, соғұрлым ол адамның түйсıгı және ойлау қабıлетı жоғарылайды. Қарапайым адам кıтап бетıне қарағанда он әрıптı, кейбıреулерı екı-үш сөздı ғана көредı. Жылдам оқитын адамның мүмкıндıктерı жоғары. Ол кıтапқа бıр қарағанда жүз немесе бес жүз әрıптı және отыз үш сөздı бıрден көре алады. Ақырын оқу барысында адамдар кıтапта жазылған дүниенıң тек 20 пайызын ғана түсıнедı. Ал жылдам оқу керıсıнше туындының 90 пайызын түсıнуге мүмкıндıк бередı. Жылдамдыққа сай ақпарат тез қабылданып, тез сıңедı. Сондай-ақ зерттеушıлер жылдам оқығаннан гөрı асықпай оқығанда көздıң тез талатынын анықтаған.
Жылдам оқу арқылы тарихта аты қалған тұлғалар Наполеон Бонопарт өзıнıң көшбасшылығымен ғана емес, сонымен қатар оқу жылдамдығымен де ерекшеленген. Деректерге сүйенсек, ол минутына 2000 сөз оқыған. Француз жазушысы Оноре де Бальзак екı жүз беттен тұратын романды жарты сағатта оқып бıтıрген. Ал Максим Горький минутына 4 мың сөз оқи алған. Америка президентı болған Рузвельт жылдам оқу әдıсıн арнайы оқып, жақсы меңгерген. Соның нәтижесıнде ол қалың кıтаптарды 1-2 сағатта аяқтайтын болған. Қазақстандық Адина Манатбеков 35 секундта 18 бет оқып, әлемдıк рекордты жаңартты. Оқыған 35 беттıң барлығын толықтай түсıне алған.
Жылдам оқуға кедергı 3 әдет Дауыстап оқымаңыз: Оқу жылдамдығын баяулататын фактордың бıрı – сөздердı дауыстап оқу. Кıтапты дауыстап оқысаңыз 280-300 сөзден аса алмайсыз. Дауыстап оқу арқылы кıтаптағы ақпараттың 20%-ын ғана түсıнесıз. Дауыстап оқу әдетıнен арылу үшıн көзбен оқуды бастаңыз. Әдетке айналдырыңыз. Күн сайынғы жаттығудан кейıн дауыстап оқудың аса қажет емес екенıн байқайсыз. Дауыстап оқығанға қарағанда көзбен оқығанда 10 есе жылдам оқи бастайсыз. Қайталап оқуды доғарыңыз: Оқып кеткен жолдарға қайтадан көз жүгıрту оқу процесıн баяулатады. Мұндай жағдай кıтаптың әр бетıнде болып тұрады. Мысалы, көзıңıз кıтапта, ал ойыңыз басқа жақта кезıп жүр. Таныс жағдай, иә? Сол сияқты қайталап оқып отырмас үшıн, жаттығу керек: кез келген шағын мақаладағы сөздердı қайта оқымай, үзбей оқып шығыңыз. Бıраз шыңдалып алған соң, көлемдı кıтаптарға көшıңıз. Қаншама жүргıзıлген зерттеулер мен тәжıрибеден байқағанымыз - қайта оқылған ақпарат кıтаптың мазмұнына әсер етпейдı. Оны оқымай өткен оқырман еш нәрсе жоғалтпайды. Ішкı дауыспен оқымаңыз: Ішкı дауыс - дауыссыз режимде, оймен дауыстап оқу. Сıзден ешбıр дыбыс шықпайды, бıрақ санаңызда сөздердı дауыстап оқисыз. Ішкı дауыс болмаса кıтапты оқымай жатқан секıлдıсıз. Бұлай оқу арқылы мидың жылдам оқуға бейıм қабıлетıн шектейсıз. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |