12:21 #кітапқұмароқырман |
Самарқанда кітап формасындағы әуежай бар.
Пайдалы_ақпар: Сәбіз ми клеткаларының бұзылуына, есте сақтау қабілетінің нашарлауына тосқауыл қойып, қартаюдың алдын алады.
Ми жұмысын жақсартудың сүннеттегі 3 жолы: 1.Күлімсіреу. Нейрологиялық тұрғыдан алғанда жымию мен күлімсіреу ми қантамырларының жұмысын жақсартып, денсаулықты да нығайтады. Сүннет бойынша, күлімсіреу – садақа екендігі белгілі; 2.Терең ойлану, оқу-білімге құштарлық. Алланы жиі еске алу, шүкіршілік ету, оқу-білімге құштар болу – есте сақтау қабілетін арттырып, мидың жұмысын жақсартудың тағы бір жолы; 3.Құлшылық. 5-10 минуттық намаз, дұға етудің өзі нерв жүйелеріне оң әсер етеді: ағзада антистресстік гормондар артып, тыныштандыратын, депрессиядан арылтатын серотонин гормондары түзіледі, сәйкесінше, адамның көңіл-күйі де жақсарады.
- Розмариннің иісі есте сақтау қабілетін 75% арттырады.
Ми жайлы ақпар: Васэда университетінің профессоры, нейрохирург Есикуни Эдагаваның айтуынша, адам қабылдаған ақпарат мидың маңдай бөлігіндегі (префронтальды қабықта) сақталады. ~ Мидың бұл бөлігі, ойлау мен шешім қабылдауға, есте сақтау жауап береді. Егер ақпарат шектен тыс көбейіп кетсе, мидың бұл бөлігінің жұмысы қиындап, ақыры ұмытшақ ауруына әкелуі мүмкін. Мұндай адам жай нәрсенің өзінен қателік көп жібереді, есте сақтауы төмендейді, оқығанын жаттай алмай қиналады. Оның арты ашу-ызаға айналып, қызығушылығы мен мотивациясы жоғалады. Сондықтан, ғалымдар ұйқыны қалыпқа келтіруге кеңес береді. Өйткені ми ұйқы кезінде ғана тынығады. әзірлеген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |