19:44
Күркіреп күндей өткен сұм соғыс

НАЦИСТЕРДІҢ ЗҰЛЫМДЫҚТАРЫ

 Гитлерліктердің Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жасаған зұлым әрекеттерінің тізімі тым ұзақ. Сондай типтік оқиғаның бірі 1944 жылы маусымда француздық Орадур-сюр-Глан елді мекенінде жаппай өлтіру түрінде орын алған. Мұны Қарсылық көрсету қозғалысы операциясына қарымта ретінде СС[i]-тің екінші танк дивизиясының жауынгерлері ұйымдастырады. Немістер барлық тұрғындарды ауыл шіркеуі мен қамбаға айдап тығып, өрт қояды. Қашып шықпақ болғандар атылды, өрттен тек аз ғана адам шыға алған. Сосын немістер деревняны тонап, өртеп жібереді. Қазір ол жерде мемориал орналасқан. 1942 жылы чехиялық Лидице деревнясы өртеледі. Бұл оқиға кезінде Р.Гейдрихтің өлімі үшін кек қайтару ретінде 198 ер адам атылса, 293 әйел балаларымен айдап әкетілді немесе қамауға алынды. КСРО мен Грекияда деревняларады өртеу қарсылық оқиғаларынан кейін кек қайтару тәсіліне айналды. 1945 жылы наурыз айының соңы мен сәуір айының басында СС-тік тағы бір жоғары шенді басшыға кездейсоқта оқ атылғаны үшін 250 голландық өлтірілді. Ал 1941 жылы қазанда басып алушыларға қарсылық көрсеткені үшін екі күн ішінде 3000 жазықсық югославтық өлтірілген. СС-тіктер адамдарды ешқашан тұтқынға алмағаны белгілі. 1940 жылы мамырда Францияда немістер тұтқынға түскен Норфолк полкінің ағылшын жауынгерлерін ауыл үйінің алдына тұрғызып қойып, бәрін атып тастаған. Ал «Өлі бас» дивизиясының СС-тіктері 97 әскери қызметкерді өлтірсе, 1944 жылы Мальмедиде (Бельгия) СС-тіктер 129 американдық тұтқынды аиқан (86 адам өлген). Алайда әскери қылмыстарды екі жақ та жасады. 1943 жылы Бискариде )Сицилия) американдықтар 74 итальяндық пен 2 неміс әскери тұтқынын атқан. Ал жапондықтар қарсылықсыз тізе бүгуді ұят санап, тұтқындарды көбіне атып тастап отырған. «Нанкиндік қырғын» кезінде басып алынған Қытай қаласында жапондықтар 200-300 мың адамды өлтірген.

 

КОНЦЕНТРАЦИЯЛЫ ЛАГЕРЬ

Концентрациялы лагерь – мемлекеттік құрылысты сақтау, қанау немесе жазалау мақсатында саяси тұтқындарды, ұлт топтары мүшелерін және аз ұлттарды тұтқында ұстау үшін үкімет тарапынан құрылатын тұтқындау орталығы. Тұтқындар әдетте әкімшілік шешім не әскери бұйрық бойынша қамауға алынады. Мұндай лагерьлерді қолданғанда: ағылшын-бур соғысы кезінде Британия, Кеңес Одағы (ГУЛАГ), АҚШ (қоныс аударудың Манзанар орталығы) және Жапония (Екінші дүниежүзілік осғыс кезінде). Тым қатал «қайта тәрбиелеу» лагерьлері Қытайда коммунистер тарапынан Тәдени революция кезінде және Камбоджада Қызыл кхмерлер тұсында кеңінен қолданылды. Аса қайғылы оқиғалармен белгілілері – нацистік Германияның Освенцим, Берген-Бельзен, Бухенвальд, Дахау және Треблинка сияқты өлім лагерьлері.

 

НЮРНБЕРГ ПРОЦЕСІ

Нюрнберг процес (1945/46) – Германиядағы нацистік жүйе басшыларының ісі бойынша Нюрнберг қаласында өткен процесс. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында АҚШ, Ұлыбритания, Франция және КСРО елдері нацистік әскери қылмыскерлерді соттау үшін Халықаралық әскери трибунал құрады. Трибунал олардың заң бұзушылығын әлемге қарсы қылмыс (келісім-шарттарды бұза отырып, соғыстарды жаспарлау және жүргізу), адамзатқа қарсы қылмыс (қырып-жою, депортация және геноцид) және әскери қылмыс деп тапты. 216 сот отырысынан кейін 22 айыпталушының үшеуі ақталса, төртеуі (К.Д(ниц пен А.Шпеерді қоса) 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, үшеуіне (Р.Гессті қоса) өмір бойы түрмеде отыруға үкім шығарылды, ал 12-сі (соның ішінде В.Кейтель, И.фон Риббентроп, А.Розенберг, А.Зейсс-Инкварт, Ю.Штрейхер де бар) дарға асу жолымен өлім жазасына кесілді. Ал М.Борман сырттай сотталды.  

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

 

[i] СС (күзет отрядтары) – Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясының әскериленген бөлімшелері. 1925 жылы оны А.Гитлер оққағалардың арнайы корпусы ретінде құрған. 1929 жылы Г.Гиммлердің басшылығыме СС-тіктердің саны 300-ден 250 мыңға жетеді. СС мүшелері қара униформа киді және өздерінің ерекше арнайы белгіері болды (руникалық S және найзағай белгісі, өлі бас түріндегі төсбелгі, күміс қанжар). Олар өздерін СА-дан (шабуылдаушылар) жоғары санады және 1934 жылы Гитлердің бұйрығымен олардың арасында «тазалау» жүргізді. СС-тіктер нәсілдік өшпенділік пен Гитлерге толықтай бағыну рухында тәрбиеленді. Олар саяси қарсыластар, сығандар, еврейлер, коммунистер, партизандар мен ресейлік тұтқындарды жаппай жазалау бұйрығын орындады. 1946 жылы Нюрнберг процесінде СС қылмыстық ұйым деп табылды.

Просмотров: 334 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: