22:34 Ең қысқа әңгіме |
* * * Балабақшадағы ең бұзық тәрбиеленушім бірде мұңайып отырды. Себебін сұрағанда: - Ата-анам дүкендегі сүйкімді күшікті асырауыма қарсы. Оған жұмыстан уақыт жоқ дейді. Көрші әжейге қалдыра тұрамын десем де қарсы... - Олар дұрыс айтады. Ойланшы, күндікке біреу қарап берер болса, жалпы ол сенің күшігің бола ма?! -Айырмашылығы қайсы?! Мені де сөйтеді ғой...
* * * Кеше құрбым маған: «Жақын арада бақилық болған ата-анамның қасына барамын»,-деген еді. Зират басына баруың меңзегені болар деп аса мән бермеген едім. Бүгін зират басы жаныңда мен тұрмын. Құранымды оқып, Алладан ата-анасы мен қызының жаның жәннаттық қылуын сұрадым…
* * * Оны ұмыту үшін Атыраудан Алматыға қоныс аударғанмын. Бүгін жұмыстағы 1-күнім. Автобустан түсіп, ендігі жаяу жүріп келемін. Бір кезде мұрным таныс әтір иісін сезді. «О, жоқ, тек ол болмаса екен. Алматыда қаншама адам бар ғой, ол емес шығар», - деп іштей өзімді алдап, алдағы кетіп бара жатқан ұлдарға үңілдім. Таныс жүз, таныс күлкі, таныс дауыс. Мән бермей, өтіп кетуге тырыстым. Сол кезде артымнан менің атымды атап, шақырған дауысты естідім. Бір сәтке тоқтап қалдым, жүрегім аузыма тығылғандай болды. Бірақ, жүрегімдегі сезім отын өшіріп, өзімді тез жинап алып, өз жолыммен кеттім. Алматының жолы кең болса да, тағдыр жолы тар екенін түсіндім.
* * * Керегінен көп тәкаппарлық уақытың мен жасыңды ұрлайды екен...
* * * Қоғамдық көлікте бір әжейді көрдім. Жасы келіп қалғаны көрініп-ақ тұр, жеңіл қозғала алмады. Өз аялдамама келіп, түсіп бара жатырғанмын. Әжей: «Қызым, көмектесіп жібересің бе?»,- деп түсуге көмектесуімді өтінді. Қуана-қуана көмектестім. Үйіне дейін шығарып салғым келді. «Қайда бара жатырсыз?», - деп сұрадым. Менің бара жатырған бағытымды көрсеткен соң шығарып салуымды ұсындым, келісті. Жолай әңгімелесіп келдік. Әңгіме үстінде: «Сендей келінім болса ғой, шіркін», - деп қалды. Ұлы барын түсініп, «Болады ғой, Алла қаласа, ұлыңыз менен де күшті келін алып келеді, уайымдамаңыз», - дедім. Үн қатпады, көңілі түсіп қалды. Ұлымен сөзге келіспей қалған болар деп ойладым. Бір кезде: «Мінекей, қызым, келдік. Рахмет саған көп-көп, бақытты бол!», - деп алғысын жаудырып жатты. Келген үйге қарадым. Үйдің сыртынан жазуды байқадым. «Қарттар үйі»
* * * Жапония. 2019жыл. Күн жексенбі. Айналада адам да, көліктер де жоқ. Шетелдік жігіт жапон құрбысымен бірге бағдаршамға қарап тұр. - Неге жай ғана "қызылға" өтіп кетпеске? - деді шыдамы таусылған жігіт. - Жоқ, "жасыл адамды" күтуіміз керек. - Бірақ неге? - Артымыздан кішкентай балақай қарап тұр ғой, - деді жапон қызы жылы жымиып. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |