20:19
Ең қысқа әңгіме

* * *

Қонақүйге орналасқан отбасы көрші бөлмедегі ыңғайсыз дауысты естіп, ұялғаннан:

- Сіздерде үнемі осылай ма? - деп сұрады.

-Иә, бұл қонақ үй емес пе? - деді тартынбастан қонақ үй қызметкері…

 

* * *

— Ә.Нұршайықовтың туындысына жазылған спектакльге бірге барып, балконнан орын алайық.

- Неге?

— Махаббатымды көрсетпеймін бе саған?

- Түсінбедім…

— Түсінбейтін несі бар, аялы алақаныңды кеуде тұсыма қысып, Ербол сөйлеген тұста маңдайыңнан иіскемеймін бе?

- Ештеңе көре алмайтын болдым ( қабақ шытып, ренжіп қалды )

 — Алаңдама, өзім-ақ айтып берем…

 

* * *

Екеуміз тыңқиып алып, рестораннан сыртқа шықтық. Сен менің қолымнан біреу жұлып алып кетердей қысып ұстап алғансың. Алматының әсем көшесінің бойында таксидің 5 минутта келуі 5 ғасырдай болып көрінеді. Сырт өте суық. Үндемей, саған қарап жымидым да, күртешеңнің ішіне еніп кеттім. Сен өзгелерден ұялып әлексің. Ал мен, сенен өзгені байқап та тұрғаным жоқ.

 

* * *

- Алло?

- Иә, тыңдап тұрмын?!

- Мен ғой “өткенің”

-“Өткенім?”, ааа, иә, есіме түсті… “жақында жүрген алысым”

- Білесің бе? Бәрін қайтарғым келеді..

- Қайтару дейсің бе? Жоғааа, қажет емес, мен сенен де жақсысына, сенен де қайырлысына лайықпын ғой өзің айттың емес пе?!

- Біраааақ…

- Бірағы сол.. Қош бол, жақында жүрсе де, алыстап кеткен жақыным!

Телефон үзілді. А, жоқ, телефон ғана емес, жүректегі бүкіл байланыс та үзілді.

 

* * *

Әкесін құшақтап, сағынышын басу үшін үйіне оралды. Бірақ әкесін қызынан бұрын жер құшағына алған еді.

 

* * *

Бұрын махаббат, сезім тақырыбында әңгіме қозғап айтпақ түгілі, ойлау да қолымнан келмейтін. Ғашықтардың бір-біріне сезім білдіріп жатқанын көрсем, жүрекпен сезіне алмай, санам жетпей құрысатын. Бірақ “Ол” келді де бұл қамалды өз сезімдерімен бұзып тастағандай болды. Кеудем де тарсылдап соғып жатқан жүрегіме де бір жүрек керегін сол кезде түсіндім. Сенің жаныңда өткен 19 күнім 19 жылғы ғұмырыма татитындай еді. Сен “Біз” болып тұрған уақытымызда өзгелер секілді жылы сөзбен неше түрлі романтика көрсетпесең де, сенің өміріме осылай енгеніңнің өзі мен үшін жылы сөз, романтика, махаббат, сезім – бәрі-бәрі бола білді. Естелік деп көрсетер бірге түскен суретіміз де жоқ, жүріп өткен көшеміз де жоқ, болған қызық оқиғамыз да жоқ. Бірақ бар жиған естелігім: өзіңді ессіз сүйіп қалған сезімдерім екенін түсіндім.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 104 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: