18:49 Ең қысқа әңгіме |
* * * "Сайқымазақ" - Ияя, сені бұрын қалай байқамадым!? - Ол кезде мен оқушы едім ғой. - Ияя, бой жетіпсің, әдемі екенсің. - Білемін, сізді әзілкеш деп еді әпкем, тұйық екенсіз. - Оны қойшы... Жақын келіп қыздың ернін сүймекші болып еді, Ол да көзін жұма қойды да ернін тоса берді... бұл да көзін жұмып...сол сәтте, сол жақ бетінен "сарт" етті. Түсінбей жағын ұстап басын көтерсе, қыз күлімсіреп тұр.. - Тағы бір Ақымақты таптым деп ойладыңыз ба? - Ей, сен есалаң не деп тұрсың!! - Ияя, менің есім ауысқан шығар, бірақ ақымақ емеспін!! Доғарарсың енді сайқымазақтықты.. Қыз бұрылып үйіне қайтты, ол жағын сипалап қала берді.
* * * "Болашақ туыс" - Кім бұл?? - Мен ғой! - Аа. Сен болсаң қайтейін! - Әпкеңді шақыршы, сөйлесуім керек еді. - Қыз керек болса ертерек келіп есік алдынан күтіп алмадыңыз ба? Ол үйде жоқ. Жігіт тістеніп күлімсіреді. Кіп-кішкентай қыздан осындай ақыл естігеніне намыстанды. - Кім келген?? - Ессіз біреу. Қыз күлімдеді, өйткені ол кісінің болашақта сүйікті жездесі болатынына іштей қуанып тұрды.
* * * "Есім" Вокзал іші, ығы - жығы халық. Қыз асығып келеді. Артқы жағынан өзінің есімінің қайта-қайта айтылғанын естіп жалт бұрылды. "Күлімсіреп тұратын көз" қыз бірден таныды, ол да бұған қарап қалыпты. Қасында 4 жастағы кішкентай қыз, қолынан ұстап алыпты. -Сәлем! -Сәлемм! - Қайда асығып барасың? - Кешігіп қалдым. - Жолыңнан қалма! Жолың болсын! - Рахмет!! Есімі тағы аталды, дауысы таныс, соның өзі. Тағы бұрылды.. - Қызым тағы адасып кетерсің, мен сосын жылаймын ғой сені таба алмай!! Қызының есімі - қыздың есімі. Қыз қозғалыссыз олардың артынан қарап тұрды..
* * * "Ессіз аңғал" - Ол сондай сүйкімді. Маған ұнап қалды ол. Денесі, түр-әлпеті барлық жері. Сөйлегені. Ол менікі болу үшін не істеуім керек?! Айтшы, менің есім ауысатын шығар. - Ол саған қарамайды! - Қалайша қарамайды, менің қай жерім кем. Айтшы, сүю күнә ма?? - Әрине, күнә. Оның әйелі бар Отбасылы адам ғой. Оны ойыңнан шығар. Ойлаудың өзі - КҮНӘ... ҰМЫТ ОНЫ. - Қалай!? Мен қалай байқамадым! - Бұл махаббат, бірақ ессіз махаббат. Бұндай махаббаттан бас тарту керек. Қорқынышты махаббат түсінесің бе? - Әрине, сен болмасаң менің есім ауысар еді. Оның қасындағысының басы боспа екен? Қалай ойлайсың? - Ол кім тағыы!!? Жасылдағы ма? - Аха. - Ол адам туралы мен айтайын, сен дұрыстап тыңда. Ол менің адамым ғой. Қысқасы, жігітім. - Ммм. Маздап жанған отым тағы күлге айналды десеңші... бұйырғанын көрерміз... - Ия, бұйырған кетпес, қуған жетпес...
* * * «Неге адамдардың табиғатқа жаны ашымайды екен?» - деді қыз қолындағы бос бөтелкені көшеге лақтырып.
* * * Құстың қанаты бар. Бірақ, ол да жерге қонады. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |