08:11
Ең қысқа әңгіме

#139

Сапардан келгесін жұбайына сыйлықтар беріп жатқан. Сол сәт шетте қарап тұрған анасына көзі түсіп, бұрыла сөйледі. Есітпеген ана жүзі жайнай асыға ақсаңдап келген-тін. Ұлы:

"Апа, бізді оңаша қалдыршы деймін"...

 

#140

"Біз кетеміз... кету үшін келгенбіз..."

 

#141

Мені бір күш әлденеге тартып тұрады, бірдеңе жаса деп!!! Бұл күш талай орданы бұзары шүбәсіз.Соған сәйкес бірдеңе тағы жетіспей тұрады.

Осындай жетпей тұрған рухани құндылықтар жинала келе жасампаз тұлға қалыптастырады екен...

 

#142

"Әкесіндей үлкен азамат болсын" деген бөтелкелес достарының тілегіне маскүнем әкесінің өзі мырс етіп күлді.

Бұл уақытта басқа бөлмедегі жалғыз ұлы өзіне қол жұмсауды ойлап отырған еді.

 

#143

«Егер біз балықты ағашқа өрмелеуі бойынша сынасақ ол өмір бойы өзін кемсітіп, әлсіз сезініп өтер еді»

Ұстаз: Балалар, жазыңдар. Бір балық ағаш үстінде отырыпты.

Оқушы: балық ағашқа шыға ала ма?

Ұстаз: ол ақымақ балық екен.»

 

#144

Тұрды. Шәй ішті. Шықты. Көлікке мінді. Кептеліс. Асығыс. Жұмыс. Шәй-кофе. Көлік. Кептеліс. Асығыс. Үй іші. Тамақ. Ұйқы.

Тұрды ...Ұйқы. Өлім ...

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 116 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: