09:20 Ең қысқа әңгіме |
#133 Телефонға тесілген әке-шешесіне жүгіріп келген бала: — Жүріңіздерші, бізбен уақытша мама-папамыз болып ойнаңыздаршы, – деді.
#134 "Өз жасыңыздағы адамдармен бірге тұрғанға не жетсін", – деді баласы, әкесінің киімдерін жинап жатып.
#135 Қоғамдық көлік. Жүгімен тұрған жүкті әйелдің "Үлкенге құрмет" туралы пост жазып отқан алдындағы баланың телефонына көзі түсті...
#136 — Бейне камераны тексереңізші, – деді көңілі құлазыған бір кісі. — Болмашы зат үшін камераны тексерте береді екен-ау. Сол зат үшін соншама сандалтып. Туһ-бір, – деді дүкеннің сатушысы ашуланып. — Зат емес үш жасар балам жоғалды.
#137 Екі депутаттың Рамазан айындағы сұхбаты: — Жәке, менің аузым берік, жей алмаймын... Сізге бұйырып тұр–ау.. — Аа, мен ораза емеспін... Ертеңгі ауызашарың менен, – деді Жәкең айналасына сығалай қарап....
#138 Әкем туралы хабарды естігенде, бар балалығым мен жастығым әкеммен бірге мәңгіге кеткендей... -Әттең, сол сәтке бір оралсам ғой... баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |