20:07
Ең қысқа әңгіме

#091

"Мұқағали Мақатаёп, алпобиттің А тұрады басында"- дегендеріне мәз.

Ал шынында, осы әріптерді үйренуі, осы кісілердің арқасында танып, біліп отырғаны есінен шығып кеткен-ау шамасы...

 

#092

Бір-бірімен үйлесім мен үндесім тапқан жиһаздар, кітаптар толы сөрелер, әрқайсысының өзіндік сыры бар танымал картиналар ілулі үлкен бөлме... Тордағы Кіші қанат дүниенің бір бөлігін шамасы келгенше өзіне сыйдыра алған терезе қарап тұрып анасына:

 — Мен үшін ең әдемі картина - осы , – деген екен.   

Басқаларды торға қамағанша, сананы тордан босату керек сияқты...

 

#093

Аялдамада тұрған сәт.

Кенет, жолдағы тоқтаусыз зулап, мән бермей, өтіп жатқан алып көліктердің дөңгелегіне соғылып, майысып, адасқан.

Сол соқпақтан шыға алмай, қиналған.

Ырыққа көніп те үлгерген - сыраның қаңылтыр бөтелкесіне көзім түсті.

Аянышты көрініс.

Себебін біз білеміз ғой..

 

#094

- Бұл дүниеге келетінімді білдім ба?

Мұндай екенін білгенде келмес едім ғой!

- Кешір, мұны сен шешпейсің!

Миллионнан бағың жанды, яғни нақты сен әбден лайықтысың!.

 

#095

Алғашқы рет шықтым. Қызық болды. Қайдан білейін...

– Анашым, мектептен жартылай жетім деген анықтаманы сұратып жатыр.

 

#096

Ауылға арамза молда келді. Құр кетпеді…

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 152 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: