20:15 Ең қысқа әңгіме |
#073 Сәтсіз ота ⁃ Ия, сізді не мазалап жүр? ⁃ Менде депрессия, - деді ол операциядан кейін қолын жуып жайғасқан дәрігерге. “Ой, сенің депрессияға кеткен уақытыңды “үлгере алмай кеткендерге” үлестіріп берсем ғой” , - деді дәрігер. Әрине, ішінен.
#074 – Мама? – Айта ғой, күнім. – Папам орнынан қашан тұрады? Неге оны жерге көміп тастады? – Ол енді тұрмайды. Қатты ұйықтап жатқандықтан оята да алмаймыз. Бірақ бізге үнемі аспаннан қарап тұрады. – Мама, онда мен де бүгін көзімді қатты жұмып ұйықтайын да аспанға барып папамды құшақтап келейінші. Мені Құдай ғана оятсын.
#075 - Бізде барлығы заңның аясында. Бізде сөз бостандығы деген бар,- деп ертегі аяқталды...
#076 Әлі он алтыға толмаған, тұрмыс құрмаған қыз аурухандан шығып келе жатыр. Құлағында жаңағы дәрігердің айтқан сөзі: «Құттықтаймыз, жақында ана боласыз!» Жиырма минуттан соң он қабатты үйдің алды у-шу. Қызылға боялған асфальт, жедел жәрдем мәшинелері....
#077 Сағат таңғы 6 шамасы. Анам мені жұмысқа шығарып салып жатыр бүкіл керек жарақтарымды дайындап, асты-үстіме түспесі бар ма дерсіз! Жұмыста отырып терең ой жетегіне еріп кете бардым... Таңертеңгі анамның мен үшін дамыл таппай жүрген бейнесі көз алдыма келіп, жанарымнан еріксіз ыстық жас тамды..!
#078 «Кімде-кім өміріңдегі ең өтірікші адам кім?» десе. Іркілместен «менің аннам» дер едім. Себебі менің анам әлемдегі ең алдамшы адам. Өзі аш болса да «мен тоқпын», шаршаса да «шаршамадым», тіпті ауырып дегбірі таусылса да»менде бәрі жақсы» деп мені алдаумен келеді. Бұл барлық аналардың перзенттері үшін еш уақытта бітпейтін өтіріктерінің бір шеті ғана... баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |