13:29
Ең қысқа әңгіме

#061

Біз үйде бес қызбыз, бірде әкем:

 — Маған тым болмағанда 1 ұл туып берсең болмас па еді, қазір осылай жүрмес едім.

Дәл сол уақытта теледидардан:

— Астанада қайғылы оқиға болды. Жер үйлердің бірінде шыққан жантүршігерлік өрт салдарынан бір отбасының 5 қызы қаза болды.

 

#062

"Мама, сөзімді бөлмей, аузыңды жаба тұршы!" - деді де, "Сен қашаннан бері маған діңкілдеп сөйлейтін болғансың?!" - деп баласына қарай бұрылды...

 

#063

Әзірейілден хат:

 -Ертең саған қонаққа барамын!  

-Мен дайын емеспін.

 

#064

Адамның жүрегі ақ қар секілді. Онда алуан адамның ізі бар. Біреулер табанының салған сиқырлы суретті іздерін көріп мәз болса. Біреулер табанындағы балшықты сүртіп мәз болады екен.

 

#065

Таң намазына тұруға ерініп ұйықтап қалған Мұса, сол күні мәңгілік ұйқыға кететінін білмеп еді.

 

#066

— Анамды ренжітіп алмаңдар! – деді ол бұйыра сөйлеп. Кейуана ұлының бұлай қамқорсығанына титтей де разы болған жоқ.

 – Алаңдамаңыз, біз қарттардың барлығына бірдей қараймыз, – деді жылы жүзді қызметші, кемпірді қолтығынан сүйей беріп. 

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 147 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: