18:32
Ең қысқа әңгіме

#055

— Сағындым сені, енді тастамаймын.

— Бәрі кеш...

— Қатемді түсіндім, бір мүмкіндік берші?!

— Мен тұрмыстамын.

 

#056

Мен Анамның баласы жоқ, бедеу Әйел екенін бүгін білдім...

 

#057

Сағат 12:30

— Ой, жарты-ақ сағат қалыпты ғой. Үлгермейтін болдым, – деді ашулы Орынхан.

 — Тағы жарты сағат тик-ток көр. Мүмкін орындалып қалар, – деді анасы.

Осы сәтте ол анасының үш сағат алдыңғы ескертпесін есіне алды. Сосын енді мүлде тик-токта жарты сағаттан артық отырмауға серт берді. Бірақ бұл Орынханның осы сертті сегізінші қайталауы еді...

 

#058

Күндер әлі өтуде. Ал біз бір-бірімізге сезімдеріміз туралы айтуға әлі әліміз жетпейді. Өз сезімдерімізден әлі қорқамыз. Сіз бұрынғы жауапсыз махаббат салдарынан, ал мен ешкімді ұнатып көрмегеннен қорқамын. Сол үшін айтқым келеді:

— Мен сізді шын ұнататын сияқтымын!

 

#059

Мен сияқты күнәһар мұсылман бола тұра тозақтың түбіне түсетін шығар, – деді ол Раббысының шексіз мейірімді екендігін ұмытып...

 

#060

Ақжан тоқтаусыз жауып жатқан қар қиыршықтарына қарап тұрып:

— Қардың осылай жауғанының өзі өміріміздің зырғып өтіп бара жатқанынан хабар беретін секілді, – деп жанындағы жолдасына үңіліп қарады. Жолдасы болса, әлеуметтік желінің қызығына түсіп, жауап қатпады.

Ақжан жолдасына қарап:

— Сірә, бұл қысқа ғана ғұмырды мағыналы өткізуге тырысқан жөн-ау, – деп терең күрсінді.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 158 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: