13:23
Ең қысқа әңгіме

#043

Мәшрап аманатты орындап, түрмеге түскенде ашаршылық болған. Түсінде "Тұр, Мәшрап, тұр, нәпақаңды асханадан табасың" деген дауыстан оянады. Асхананы ақтарып, нанды тауып алып, сіріңке қорабы көлеміндей етіп бөліп жеген оннан аса адам екі аптадай күнелтеді. Сонда басшылары "Мәшрап, саған құдай береді, сенің орныңда басқа болса қардың астына тығып жейтін еді" деген.

 

#044

Мақсат қанаттандырады.

Соңғы жылдары жаман ауруға шалдығып, химия терапияның бірнешеуінен өткен зейнеттегі әпкем мені таңқалдырды.

Ол кітап сайысында тек аудио нұсқасын тыңдап, әр сайыста кемінде 95-99% ұпай жинады.

Өмір бойы медбике болған, қазір әрең жүріп-тұратын адамнан осындай нәтиже күтпедім.

Оның сыры немерелеріне үлгі боламын деген мақсатында екен.

 

#045

Терең бір күрсініп алды да, соңғы ақшасын сөреге қойды.

– "Сәтті жұлдыздан" біреуі.

Ойнап келе жатқанына он жылдан асыпты. Бай болғысы келген. Ұтпады.

Кенет "Әлде бизнес-тренерлерден сабақ алсам ба екен?" деп ойлады.

 

#046

– Сенің әкең жақсы, қамқор адам ғой.

 – Иә, ең жақсы (өгей) әке..., – деді. Көйлегінің ішіндегі көгерген қолдарын ұстап.

 

#047

— Уа, қазақтың өр намысты, ұлтжанды ер жігіттері! Айтыңдаршы, ұлт болашағы үшін не істей аласыңдар?

 — Пікірге "ұят" деп жазу.

 

#048

Тымық түнге сыр ашқан ол қойын дәптеріне:

— Мен үшін тек сағындырып сөйлесетін сағыныштар, оның қадірлілігін ұқтырар қашықтықтар, шамаңды өлшеп беретін шақырымдар, басқаны өзіңнен жат етіп, жақын ететін уақыттар ғана ғұмырымда болғаны жеткілікті, – деп жазды.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 155 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: