11:26
Ең қысқа әңгіме

#013

Қазіргі кезде дінді көшеден, білімді ғаламтордан іздеген, ата-ананы сыйлауды материалдық құндылықтармен өлшеген жастардан не күтуге болады?! Адамгершілік туралы мүлдем сөз қозғамайын...

 

#014

Мен көпшілік адамнан "Бақыт деген не?" – деп сұрадым. Соқыр адамға барып: "Бақыт деген не?" – дедім. Ол маған: "Көз жанарың көріп тұрса, сол бақыт." – деп жауап берді. Кей адамдар бақыт ата-ана десе, тағы біреулер бақыт перзент деп жауап берді. Демек, адамзат үшін бақыт: "Өзіңде жоқ нəрсеге қол жеткізу." – екен.

 

#015

Үміт

Бүгін таңғы намазға тағы да ерте оянды. Дұғасы қабыл болуын күтіп жүргеніне дәл жеті жыл. Содан ба жүрек соғысы жиі. Сәлден соң ауруханада көзін ашты. Дәрігердің "құттықтаймыз" деген сөзінен соң көзінен жас тоқтамады. Дүниеге анасының үмітін арқалаған Үміт келді.

 

#016

Олардың бір-бірлеріне балаларын, келіндерін және немерелерін жер-көкке сыйдырмай, мақтап отырғанын естіген қарттар үйінің қарауылы, көзіне еріксіз жас алды.

 

#017

Сабылысып өтіп жатқан адамдар менің тереземе сән беріп тұр. Олар өздерінің сондай керемет болып тұрғандарын білмейді. Өкінішті. Оларға күйбең тіршілік қызығырақ. Олардың зиянын көрсе де, сол тіршілік қызығырақ. Өкінішті. Олар сол күйбең тіршілікте жүріп, менің тереземе сән беріп тұр. Керемет... Түсініксіз Парадокс.

 

#018

Кейуана: "Басы бар, аяғы бар бір жолға шықтым. Жол бітпестей ұзақ көрінді. Ойнап жүріп үштен бірін өткіздім. Қарын тоқтығын ойлап жүріп үштен бірін өткіздім. Қалғанында не ойларымды білмей, не ойнарымды білмей қапа болдым. Уақытқа сарқылмайтындай, байлыққа таусылмайтындай, денсаулыққа түгесілмейтіндей  қараппын. Жақсыны қас, жаманды дос тұтыппын. Өкінерден бұрын әрекет ет!"

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 153 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: