16:20
Ең қысқа әңгіме

#007

Баяғыда біреу болыпты. Көтенінде тіреу болыпты. Тіреуі түсіп қалыпты. Өзі аштықтан өліп қалыпты.

 

#008

Анам үнемі: "Қарапайым болған сайын адам сұлу көрінеді" деп тәрбиесіне қосып жетілдірді ғой. Бүгінде бойыма сіңіп қалғаны сонша, көптеген орта мен бірнеше достан айырылдым. Мына өмірде адамдар бір-бірін табады, қажетсіз деп таңдаған адамды елемей кете береді екен, таң қаласың.

 

#009

Кеше ғана жаңа жылдық атмосфера тұрған еді. Қаламның бір сәтте күлге айналғанына сене алмадым. Сол жағымнан шерушілер, оң жақтан әскерилер жүгіріп келіп, бір-бірімен соғыса кетті. Ал мен соғыс кино түсіріп жатқан оператор сияқты ортада қала бердім. Бірақ бұл кино емес. Киноның өзінде адамдар мұндай қатігездікпен бір-бірін ұрмап еді.

 

#010

Қалам көтерілген, сиясы кепкен... Ал біз сол жазылған тағдырға кейде мойынсұнбаймыз да..

 

#011

“Өткенге ешқашан оралма, ол жақта еш өзгеріс жоқ”, – деп Асқар орнынан тұра берді. Осы кезде ғана Замира Асқардың көзінен тамшылаған көз жастарын көрді. Ауыр тағдыр жолы, жары мен балаларынан, ата-анасынан бір күнде айырылу не деген өкініш! Барлығына кінәлі өзі және сол күннен бастап татып алмаған шишадағы арам су еді!

 

#012

Күннің қызарып батқанын бақылағанды жақсы көремін. Бұл көрініс – бір жағынан өтіп бара жатқан күнге шүкіршілік, екінші жағынан – келер күннен келетін жап-жаңа үміттердің жылтылдаған сәулелері секілді сондай әдемі. Қарап тұрып-ақ, тірі тұрғаныңда өмірдің жалғаса беретініне кіршіксіз сенімді боласың. Түн артынан күн келер. Күн барда, әрдайым үміт бар...

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 194 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: