22:46 Әдет әдептері |
ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ 9-қадам: Жақсы белгі табу Белгілер – біздің өмірімізді алға жүргізетін қозғалтқыштар. Күн сайын қаншама белгіні көреміз, олар бізді бір әрекетті жасауға итермелейді. Бетіңе не қолыңа тамшы тамса, қолшатырды ашасың. Смарфонның бетіне хабарлама шықса, үстін басасың. Бағдаршамда жасыл жанса, жүресің; қызыл жанса, тоқтайсың. Бұл сәтте миыңда бір ғана бұйырқ тұрады: «Тезірек істе!». Белгінің қасында мотивация мен қабілет қатар келсе, онда әрекет міндетті түрде орындалады. Сол үшін қазіргі уақытта жарнамаларда «Дәл қазір тапсырыс беріп, сыйлыққа шоколад ал»» деген сияқты мотивациясы қатар жүреді. Сол үшін смартфондағы қосымшаның бетінде қызыл цифрмен хабарлама келгені көрсетіліп тұрады. Ал белгі болмаса, онда әрекет етуді ұмытып кетеміз. Мысалы, аяқ киім шкафтың ішінде жатса, таңда жүгіру жайлы ой туындамайды. Оқу керек кітап тартпаның ішінде жатса, ол оқылмайды. Салық төлеу жайында ескертпе келмесе, төлеуді ұмытып кетеміз. Белгі көбейіп кетсе де зиян. Өйткені маңыздылары көрінбей қалады. Компьютердің бетінде папка көбейіп кетсе, қайсысын жасау керектігін ұмытып кетеміз. Смартфонға сәт сайын хабарлама келе берсе, маңыздылары пайдасыздармен араласып, елеусіз қалып қояды. Егер белгіні қажет уақытында көрмесең немесе қажет емес уақытта көрсең, ол әрекет орындалмайды. баспаға әзірлеп, жиған-терге Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
