22:13 Әдет әдептері | |||||||||||||||||||||||||||||||||
ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ Бұл істі орындау не үшін қиындық тудырып тұр? Таңда ерте тұра алмайтын адамдар көп. Олар екі сұрақты қою арқылы проблеманың шешімін өзінен іздеп көре алады. Не үшін таңда ерте тұру қиын боп жатыр? Проблема: түнде кеш жату; жатар алдында ауыр тамақ ішу; жатар алдында телефон қарау; ұйқының сапасыз болуы. Таңда ерте тұруды қалай оңайлата аламын? Шешім: ерте жату (10:30); телефонды басқа бөлмеге қою; кешкі 8-ден кейін ауыр тамақ ішпеу; бөлмені қараңғылау. Бұлардың әрқайсысын барынша ұсақтатуға, оңайлатуға тырысу керек. Төменде түрлі әдеттерді қалыптастырудың алғашқы қадамдары берілген.
Ештеңе істемегеннен гөрі өте ұсақ бөлігін істеген артық. Мақала жазуға уақыт жоқ па онда тым болмаса бір сөйлем жазу керек. Спортпен толық айналысуға уақыт жоқ па? Онда бір ғана жаттығу жасау жеткілікті. Бір бастасаң бітті, ары қарай орындау жеңіл. Өзіңе міндеттеп алған істерді күн сайын аз-аздан орындап отыру керек. Сенің мақсатың марафон жүгіру емес, жай ғана жүгіру. Кітапты демде оқып тастау емес, тұрақты оқитын оқырман болу. Кітап жазып тастау емес, жай ғана ойыңды қағаз бетіне түсіру. баспаға әзірлеп, жиған-терге Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
