23:05
Әдет әдептері

ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ

Бұл істі орындау не үшін қиындық тудырып тұр?

Аз-аздан жасаймын деген әрекет орындалмай жатса, онда «Бұл істі орындау не үшін қиындық тудырып тұр?» деген сұрақты қойып, мәселе қайдан туындап жатқанын зерттеу керек. Оған мына 5 фактор әсер етеді:

  • Бұл әрекетті істеуге уақытың жете ме?
  • Бұл әрекетті істеуге ақшаң жете ме?
  • Бұл әрекетті істеуге қабілетің жете ме?
  • Бұл әрекетті істеуге ақылың жете ме?
  • Қазіргі күн тәртібіңнің ішіне енгізіп жіберуге бола ма?

Бұлардың бірі болмаса, әрекетті орындау қиын. Мұндайда «Бұл істі қалай оңайлата аламын?» деген сұрақты қою қажет. Себебі жыныңа тиетін, тітіркендіретін әрекеттер әдетке айнала алмайды.

Шынымен әдетті қалыптастырғың келсе, онда ө-ө-өте ұсақ әрекеттен баста. Бұл өте маңызды. Әйтпесе бұрынғы таз қалпыңа түсесің. Күн сайын 10 километр жүруді әдетке айналдырғың келсе, бірінші әрекет қайсысы болады? Алғашқы қадамды жасау? Жоқ, бірінші әрекет – аяқ киімді кию. «10 км жүрмесем де болады. Бастысы – күн сайын кроссовканы кию» деп іштей өзіңе айтсаң болады.

Аяқ киім киген соң, жүру оншалықты қиын шаруа емес екенін түсінесің. Білеміз, сен бірден кемінде 5 км жүре аласың. Оған күмәніміз жоқ. Бірақ алғашқы күннің мотивациясы 30 күнге жете ме жетпейді. Ол үшін аз-аздан бастау қажет. Істі қиындатпа. Еш мотивациясыз, күш жұмсамай-ақ әрекет жасау – әдеттің алғашқы баспалдағы. Әдет қалыптастыру үшін ол саған ұнауы қажет. Бірден 10 км жүру ұнай қоймайтыны анық. Бірақ күн сайын 100 м жүріп келу қиын емес әрі ұнайтын әрекетке айналады. Бірте-бірте қашықтық ұзара береді. 100 м жүру тым оңай боп кеткенде, миың өзі-ақ айтады: «Басеке, мынау енді ұят сияқты. 100 емес, 500 м қылған дұрыс-ау». Осылай 1000-ға, одан ары 2000-ға, сөйтіп 5000 және 10000 метрге кезең-кезеңмен көтерілесің. Бұл уақытта әдет қалыптасқаны соншалық – 10 метр жүру де, 10000 метр жүру де санаңда еш қарсылық тудырмайды.

Не үшін алғашқы қадам ретінде аяқ киім киюді таңдадық? Өйткені ол – әдетті іске қосушы кілт. Өте оңай әрі жасалауы тез кілт. Аяқ киім кидім дегенше, 10000 метр жүрдім дей бер. Оталмай қалған көлікті артынан итеріп, орнынан бір қозғап жіберсең, жүріп кетеді. Алғашқы қадам да дәл сондай импульс беретін нәрсе. Бастысы – деңгейді көтеріп жібермеу. Алғашқы қадамды жасау арқылы әдетті күшейте береміз, күшейте береміз. (жалғасы бар)

баспаға әзірлеп, жиған-терге

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 8 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: