08:35 Әдет әдептері | ||||||||||
ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ 7-қадам: Нақты әрекетті таңдау Ол әрекет сенің мақсатыңа жетуіңе мықты әсер етуге тиіс, яғни тиімді болуы қажет. Оны орындағың кеп тұруы қажет (мотивация). Оны орындауға толықтай мүмкіндігің болуы қажет (қабілет). Көп әрекеттің ішінен біреуін таңдау үшін мынадай кесте құрайық.
Тізіп шыққан әрекеттерді осы картаға орналастыру керек. Мұның ішінен саған қажеті – өте тиімді әрі өзіңді сол істі орындауға мәжбүрлей алатын әрекеттер, яғни 2-ұяшық. Мысалы, Мағжан үшін стресстен арылтатын бір әрекетті таңдайық. Айталық, музыкалық аспапта, домбырада ойнау. - Домбырада ойнау арқылы стресс деңгейін түсіре ала ма? иә. - Ол домбыра тартқысы кеп тұрады. Бір күй ойнаған сайын көңіл-күйі көтеріледі. - Домбыра тарта алады. - Өзін мәжбүрлеп домбыра шерткізе алады. Ал медитация жасау Мағжан үшін тиімсіз. Себебі ұзақ уақыт бойы тып-тыныш отыра алмайды. Іші пысып кетеді. Өзін мәжбүрлеп медитация жасата алмайды. Әдет деген ұнайтын нәрсені істеу арқылы қалыптасады. Ұнамайтын нәрсені өзіңді мәжбүрлеп істете алмайсың. Осы жерде «жасағым келеді» мен «жасауым керектің» ара-жігін ажыратып алу қажет. «Жасауым керек» - адамға міндет сезімін береді, онымен ерегісін істегің келмей қалады. Ал «Жасағым келеді» - қалауыңды оятады. Ағылшын тілін үйрену үшін бірнеше әрекеттерді тізіп шықтың делік. Соның ішінен «Лондонға барып курс бойынша үйрену» деген әрекетті алайық. - Лондонға барып ағылшын тілін үйрене ала ма? иә. - Лондонға барғысы келе ме? Иә. - Лондонға бара ала ма? жоқ. Ақшасы жетпейді. - Лондонға барып оқуға өзін мәжбүрлей ала ма? жоқ. Таңғы асқа пайдалы тағам тұтыну әдетін қалыптастырғың келді. Ол үшін банан қосылған сұлы ботқасын жеу керек деп шештің. Ал сен күн сайын таңда 20 минут бойы ботқа пісіруге өзіңді мәжбүрлей аласың ба№ ол үшін әдеттегіден 20 минут ерте тұру керек. Одан да сөмкеңе бір дана алма салып алған жөн шығар? Тағы да қайталап айтамыз, сені өзгертетін әрекет саған ұнауы қажет. Ұнамайтын нәрседе (сұлу ботқасын пісіру) әдет қалыптастыру өте қиын болмақ.
Жаттығу №2 Сапалы ұйқы әдетін қалыптастыру үшін қандай әрекеттер жасауға болады? Мысалы: жарық өткізбейтін перде ілу; мазалайтын ойларды қағазға жазу, сағат кешкі 8-де телефонды авирежимге қою; теледидарды жатын бөлмеден алып тастау; кешкі сағат 8-ге дейін ішу, т.б. Осындай тізім жасап, ішінен ең тиімді әрі соны істеуге өзіңді мәжбүрлей алатындарын белгілеп қой. Ең оңайынан бастап өмірге енгіз. баспаға әзірлеп, жиған-терге Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | ||||||||||
|
| ||||||||||
| Всего комментариев: 0 | |
