17:29
Әдет әдептері

ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ

2-қадам: Еліктеу (образ)

Адам ұнатқанына ұқсай бастайды. Сүйген адамының айтқанын заң деп қабылдайды. Оны ренжітуден қашады. Оған еліктейді, сол секілді киініп, сөйлейді. Сен үшін қай тұлға өте қадірлі? Кім сияқты болғың келеді? сондай мықты тұлғаға елікте. Мысалы, жас жігіт үшін Бейсен Құранбек ағамыз үлгі болуы мүмкін. Ол сол секілді ұлтын сүйетін азамат, спортшы, мейірімді, еңбексүйгіш болғысы келеді. «Менің орнымда Бейсен ағам болса, қалай жасар еді?» деп, сол кісінің ойымен ойлайды. Оған кір тигізбеуге тырысады. «Бейсен ағам күн шықпай оянатын. Демек, мен де күн сайын ерте тұрамын» деп алдына мақсат қояды.

Еліктеудің күші орасан зор. Бұл жерде сен өзіңнің атыңмен әрекет етпейсің. Сен өзің пір тұтатын адамның бейнесінде әрекет етесің. Сенен жауапкершілік күші түскен секілді сезіледі. Көпшілік үшін ең сүйікті тұлға – пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың сәлемі мен игілігі болсын). Оның бойында тамаша көркем қасиеттер бар. көркем мінездің абсолютті үлгісі. Оған ұқсаған сайын бойымызда жақсы әдеттер қалыптасады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 11 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: