17:48
Әдет әдептері

ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ

Істей аламын!

Іштен туындайтын сенімге қоса тағы бір сенім күші бар. ол тікелей әдетке қатысты қабілетке деген сенім. Кейбір күрделі әдеттер бар: таңда ерте тұру керек, спортпен айналысу керек, тамақ әзірлеу керек, шет тілін үйрену керек, кітапты аяғына дейін оқып шығу керек, клиентке бизнес жайлы ұсыныс жасап хабарласу керек т.б. оларды қалыптастыру қиын, бірақ жағымды әдетпен байланыстырса, оңайлайды. алдымен әдетке қатысты сенімді өзгерту керек. бұларды міндет деп емес, қолымнан келетін іс деп қабылдау керек.

яғни, "«стеу керек» деген ауыр жүкті «істей аламын» деген сенімділікке ауыстыру қажет. Демек, таңда ерте тұру керектің орнына – таңда ерте 6:00-де тұра аламын. Спортпен айналысу керек едінің орнына – мен спортпен дүйсенбі күні таңғы 7-де алаңда айналыса аламын. Ағылшын тілін үйрену керек едінің орнына – «Мен ағылшын тілін күн сайын 1 сағаттан үйреніп, 2 айда сөйлей аламын».

Кез келген әдетте көзқарасыңды өзгерту арқылы оны жеңіл қабылдауға болады. Басыңа келген қайғыны да. Мысалы, бір әйел шизофрениямен ауырып, құлағына түрлі дауыстар естіледі екен. Бірақ оған мән бермеуді үйреніпті. Оған қалай қол жеткіздіңіз десе: «Талай құлағы ауыр адамдар бар, ешқандай дыбыс естімейді. Оның қасында менің құлағым әйтеуіртүрлі дыбыстар естиді. Соған шүкір етіп, артықшылық ретінде көремін» деп жауап берген екен.

Немесе мүгедек арбасына таңылған адамнан «бұлай өмір сүру қиын шығар?» деп сұрағанда, ол: «Жоқ, қайта маған осы арбамен жүру оңай әрі айналаны аралай аламын. Арбам болмағанда үйден шыға алмай, төсекке таңылып жатар едім» дейді.

Ислам дінінде Қадір түні деген қасиетті уақыт бар. бұл түннің қадірі соншалық – 1000 айға тең, яғни 83 жыл 4 ай. Демек, осы түні жасалған бір жақсы іс тұп-тура 83 жыл бойы жасалғанмен бірдей. Осы ерекше түнді мұсылмандар барынша өнімді өткізуге тырысады. Күн батқаннан таң атқанға дейінгі он сағат бойы ұйықтамай, құлшылық жасайды (Құран оқиды, садақа береді, намаз оқиды, т.б.). он сағат бойы ұйықтамай, әрекет жасау оңай емес. Жалығып, шаршауы мүмкін. Бірақ мұсылманның сенімінде «бұл түн – ізгі іс жасайтын түн». Сол үшін шаршамайды, шалдықпайды.

Сол сияқты таңғы уақытта физикалық жаттығу жасап, спортпен айналысу да қиын міндет деп санаймыз. Жаттығулар күшімізді сарқып, әбден шаршатып жіберетін секілді ойлаймыз. Бірақ «таңғы уақытта жаттығу жасауым керек» деудің орнына – «таңғы уақыт – денемнің қуатын күшейтетін, төзімді қылатын, ширататын уақыт» деп қарасаң, басқаша сезіледі. Таңмен қарсыласу азайып, оны пайдаланып қалуға құмарлық артады.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 6 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: